Fake News

Фейк: «Қылқан жапырақты шай вакцинацияланған адамдармен байланыс кезінде инфекциядан қорғайды»

Кейбір Қазнет пайдаланушылары COVID-19-ға қарсы вакцинацияланған адамдармен қарым-қатынас салдарынан қорғану үшін қылқан жапырақты шай ішу керек дейді. Олардың айтуынша, қарағай инелерінде «COVID-ке қарсы вакцинациядан туындаған ақуызды жұқтырудан» қорғай алатын сурамин бар. Мұның бәрі ойдан шығарылған.


КВИ қарсы вакцина алған адамдармен қарым-қатынастың қауіпті салдары – қастандық теориясы. Бұл теорияны жақтаушылар вакцина салдырғандармен байланыстан кейін екпе алмаған адамдарда қан кетеді, теріге бөртпелер шығады, ал жүкті әйелдер түсік тастауы мүмкін деп жазады. Бұл қауесеттердің неге шындыққа жанаспайтынын біз бұған дейін жазған болатынбыз.

COVID-19-ға қарсы вакцина алғандар екпе жасатпағандар үшін қауіпті емес

Тиісінше, вакцинацияланғандардың екпе салдырмағандармен қарым-қатынасының салдары жоқ, яғни оларды емдеудің қажет емес.
Сурамин – бұл дәрілік зат. Оны алғаш рет 1916 жылы ғалымдар Оскар Дрессель, Ричард Коте және Бернхард Хейман синтездеген. Сурамин паразиттік ауруларды және африкалық ұйқы ауруын емдеу үшін қолданылады. Сондай-ақ, сурамин АИТВ және онкологиялық ауруларды емдеуде оң нәтижелер көрсетті.
2017 жылы ғалымдар сураминнің балалардағы аутизм белгілерін емдеудегі тиімділігін растайтын зерттеулер жүргізді, бірақ бұл зат ағзада болғанда ғана оң нәтиже берді.
Сонымен қатар ғалымдар сураминнің COVID-19 қоздырғышы болып табылатын SARS-CoV-2 коронавирусына әсерін зерттеді. Тәжірибелер көп үміт күттірерлік нәтиже бергеніне қарамастан, сурамин әлі де болса КВИ емдеу үшін жаппай қолданылмайды. Сәйкесінше, бүгінгі күні сураминнің КВИ-ге қарсы тиімді және оған қарсы жасалған вакциналарға әсер етуі мүмкін екендігі туралы ғылыми негізделген дәлелдер жеткіліксіз.
Сондай-ақ, қылқан жапырақтардың құрамында сураминнің бар екендігі туралы мәлімдемелер дұрыс емес екенін атап өткеніміз жөн. Қарағай инелері С дәрумені, каротин, марганец, темір, кобальт және амин қышқылдарына бай, бірақ сурамин жоқ.

Қорыта айтқанда, вакцинацияланғандармен байланыста болудан қорғану үшін қылқан жапырақты шай ішу туралы ұсыныс негізсіз. Біріншіден, вакцинацияланған адамдардың екпе салдырмаған адамдармен байланысы қауіпті емес және ешқандай ауру тудырмайды. Екіншіден, сураминнің вирусқа әсер етуі мүмкін екендігі туралы деректер жоқ. Үшіншіден, бұл зат қарағай инелерінде болмайды.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button