Әлеуметтік желілерде Иманғали Тасмағамбетовтың фейк аккаунттары пайда болды
Facebook пен Instagram-да Иманғали Тасмағамбетовтің атынан ашылған фейк парақшаларды көруге болады. ҚР танымал мемлекеттік қайраткерінің бұл аккаунттарға қатысы жоқ.
Мысалы, Instagram-дағы осындай аккаунттардың бірі tasmagambetov_official парақшасына 45 мыңнан астам адам жазылған, екіншісі – imaangali_tasmagambetov – жазылушыларс аны мыңнан асады. Facebook-те де оның атынан парақшалар ашылған.
Иманғали Тасмағамбетов әңгіме барысында Stopfake.kz-ке бұл аккауеттарға қатысы барын жоққа шығарды. Ол әлеуметтік желілерде парақшалары жоқ екенін айтты:
«Құрметті достар!
Соңғы уақытта әлеуметтік желіде менің атымнан түрлі тақырыпта арандатушылық ақпарат жүктелген жалған аккаунттар мен парақшалар пайда болып жатыр. Сөз жоқ, бұл жеке менің абырой-беделімнен бөлек, әрбір азаматтың ғаламтордағы қауіпсіздігіне төнетін үлкен қатерді көрсетеді. Ресми түрде мәлімдеймін, менің әлеуметтік желіде ешқандай парақшам жоқ. Баршаңыздан мұндай арандатуға қарсы тұрып, жалған ақпарат таратпауларыңызды сұранамын.
Құрметпен, Иманғали Тасмағамбетов».