Fake News

Фейк: «Доңыз тұмауы – бұл ұшақтардан азотты сутек қышқылын шашудың нәтижесі»

Кейбір Telegram-арналарда доңыз тұмауы жоқ деген хабар тарады. Ауру белгілері ұшақтардан шашқан азотты сутек қышқылының буымен тыныс алудың нәтижесінде пайда болады екен. Бұл екі түрлі қастандық теорияның қосылуынан шыққан, олардың ешқайсысының дәлелі жоқ.


Тұмау вирусы жоқ деген тұжырым вирустар мүлдем жоқ, өйткені олардың ешқайсысы оқшауланбаған делінген қастандық теориясының бір бөлігі болып табылады. Бұл теория неге шындыққа жанаспайтыны туралы бұған дейін жазған болатынбыз.

Фейк: «Вирустардың бар екендігі дәлелденбеген»

H1N1 тұмау вирусының серотипі бар. Оны ғалымдар сипаттаған, оқшаулаған және ашқан. Оған қарсы тиімді және қауіпсіз вакцина әзірленді.

Ұшақтардан азотты сутек қышқылын шашу туралы тезис – ұшақтар адамдардың санасын бақылау және планета халқының бір бөлігін жою үшін вирустар мен патогендер шашады деген қастандық теориясының бөлігі. Бұл да талай рет теріске шығарылды.

Дәлел жоқ: «Химтрейлді жасаушы олардың мақсаты туралы айтып берді»

Азотты сутек қышқылының жарылу қаупі бар болғандықтан оны шашу өте қиын. Зат соғылу, үйкеліс немесе қызған кезде жарылуы мүмкін. Азотты сутек қышқылы өте улы,, улану нәтижесінде конъюнктивит, аяқ-қолдың көгеруі, жоғарғы тыныс жолдарының зақымдануы және қол дірілі және т.б. белгілер пайда болады.
Медицина мамандары тұмауды қышқылмен уланудан ажырата алады, өйткені бұл екі аурудың клиникалық көріністері әртүрлі.
Сонымен қатар, азотты сутек қышқылының иісі өте өткір, ал тыныс алғанда аз мөлшерде болсын, жұтқан кезде бас ауырады, сондықтан бұл затпен улануды байқамау қиын.

Қышқылмен улануды сутегінің асқын тотығымен «емдеу» мүмкін емес. Оны ішке мүлдем қабылдауға болмайды, себебі бұл шырышты қабықтың күйіп қалуына, тіпті өлімге әкелуі ықтимал. Демек, хабарламада ұсынылған ақпарат – жалған. Доңыз тұмауы бар, ал азотты сутек қышқылымен улану белгілері вирустық аурудың белгілерінен өзгеше болады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button