Fake News

Фейк: «Әлем бойынша егілген адамдарды басқарудың патенті табылды»

Әлеуметтік желілерде қазақстандықтар «Әлем бойынша 5G арқылы нано-чиптелген покемон-адамдарды қашықтықтан басқарудың патентін» талқылауда. Құжат Pfizer компаниясына тиесілі екен, бірақ пост авторының айтуынша, COVID-19 қарсы басқа вакциналар өндірушілерде де ұқсас патенттер бар. Бұл фейк.


Хабарламада ұсынылған патентте мына көрсетілген: US 11,107,588 B2. Ол арқылы құжатты желіде оңай тауып алуға болады. 
Оны оқығаннан кейін Ehrlich Group компаниясының негізін қалаушы Гал Эрлих патент алуға өтініш бергенін түсінеміз. Патентте Pfizer қызметкерлері туралы айтылмайды.
Құжатта егілген адамдарды басқару механизмі емес, келесі бір пандемия жағдайында пайдасы болуы мүмкін байланыстарды бақылау жүйесі сипатталған.
Яғни, адамдар белгілі бір портативті құрылғыны алып жүруі керек, ол иесі туралы толық медициналық ақпаратты қамтиды және осындай құрылғысы бар айналадағы басқа адамдарға жақындаған кезде сигнал береді. 
Осы деректердің барлығы серверге түседі, бұл адамдар көп жиналатын жерлерді және ықтимал инфекцияның жолдарын анықтауға, демек, аурудың алдын алуға және індет ошағын болдырмауға мүмкіндік береді.
Патентте жүйені тек вакцинацияланған адамдар ғана қолдана алады немесе оның 5G желілері арқылы ғана жұмыс істейтіні туралы ештеңе айтылмаған.
Сондай-ақ, адамдарды басқару жайлы да сөз жоқ.
Демек, Желіде табылған патент вакцинацияланған адамдарды сырттан бақылауға болатындығын дәлелдемейді, сондай-ақ, оның вакциналар шығаратын компанияларға қатысы жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button