Фейк: «Теннисші Рафаэль Надальда вакцинациядан кейін миокардит дамыған»
Қазнетте теннисші Рафаэль Надальдың баспасөз мәслихаты кезінде түсірілген видео тарады. Кадрларда спортшының ауырсынып отырғаны, креслоның шынтақ таянғышынан ұстап, кейін еденге сырғып кеткені көрсетілген. Оның жағдайының нашарлауына COVID-19 қарсы вакцинациядан кейін пайда болған миокардит сбеп болған екен. Бұл өтірік.
Іс жүзінде таралған кадрлар 11 жыл бұрын – 2011 жылы түсірілген. Видеода Надаль Давид Налбандянды жеңгеннен кейін өткізілген бейне-баспасөз мәслихаты көрсетілген. Тартысты өткен кездесуден кейін испан теннисшісінің сіңірі тартылып қалған. Оған бірден көмек көрсетілді.
Таралған видеоның ескі екендігі анық, себебі қазір Рафаэль Надальдің түрі басқа. Оның шашы қысқа.
Теннисшінің COVID-19 қарсы вакцинация салдарынан зардап шеккені туралы теориялар Желіде мезгіл-мезгіл жазылып жатады. Осы жылдың наурыз айында спортшыда жүрек ауруы анықталды деп жазылды, ал іс жүзінде оның қабырғасында жарықтар болған. Сонымен қатар осы жылдың мамыр айында спортшыда бұрыннан бар Мюллер-Вайс синдромын COVID-19 қарсы вакцинациямен байланыстырмақ болған теориялар айтылды. Бұл қауесеттерді Надальдің өзі жоққа шығарды.
Қорыта айтқанда, танымал спортшыда вакцинациядан кейін миокардит пайда болғаны туралы ақпарат – қауесет. Шын мәнінде, Желіде теннисшінің сіңірі тартылып қалған жағдай түсірілген ескі видеео таратылуда.