Fake News

Фейк: «COVID-19 қарсы екпелерде улы ауыр металдар табылды»

Әлеуметтік желілерде COVID-19 қарсы вакциналарда графен мен люцифераза бар деген ескі фейк тарады. Иммундаудан кейін тамырлар бітеліп, адам қайтыс болады екен. Бұл өтірік.

Ақпарат әлем бойынша аккредиттелген зертханалар хабарлаған жаңалық ретінде ұсынылған. Желіде ғалымдар COVID-19 қарсы вакциналардан графен мен люцифераза тапқаны туралы жаңа деректер жоқ. Ал бұл туралы қауесет интернетте пандемия басталғаннан бері таралуда. Әр түрлі елдердің фактчекерлері вакциналарда графен мен люцифераза бар деген ақпаратты жоққа шығарды.

Графен әлемдегі ең берік және электр мен жылуды ең көп өткізетін материалдардың бірі болып саналады.  Ол өте қымбат тұрады және оны алу қиын.

Люцифераза биолюминесценцияға жауап беретіндіктен жарқыраған жәндіктердің ағзасында кездеседі. Мысалы, жарық қоңыздар, нақ осы компонент оларға қараңғыда жарқырауға мүмкіндік береді.

Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина шығаратын бірде-бір компания препараттарға графен, графен оксидін немесе люцифераза қосқанын хабарлаған жоқ.  Әдетте вакциналарда антигендер, адъюванттар, консерванттар, тұрақтандырғыштар және өндірістік қалдық өнімдері болады. Коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналардың құрамы баршаға қол жетімді.

Өткен жылдың басында интернетте графен мен люциферазаның ПТР сынақтарында табылғандығы туралы ақпарат шықты. Бұл фейкті біздің портал жоққа шығарды.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар

Басқа жаңалықтар

Back to top button