Fake News

Фейк: «Пандемия аяқталған соң ДДҰ COVID-19 қарсы вакциналарды зиянды деп тапты»

Әлеуметтік желілерде пайдаланушылар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 қарсы вакциналар денсаулыққа қауіпті деп тапты, бірақ бұл пандемия аяқталғаннан кейін ғана жасалып отыр деп жазуда. Бұл рас па? Анықтайық.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2023 жылғы 5 мамырда COVID-19 халықаралық денсаулық сақтау саласында бұдан былай қауіп төндірмейтінін мәлімдеді.

Алайда, бұл мәлімдемеде аурудың ешқайда кетпегені және оны жұқтыру жағдайлары әлем бойынша әлі де тіркеліп жатқаны жазылған. Мәтінде бұл вируспен күресу үшін вакциналарды зерттеуге және жетілдіруге де қаражат бөлу қажет делінген. Олардың қауіпті екендігі туралы мәлімдемеде ештеңе айтылмаған.

ДДҰ-ның COVID-19 қарсы вакцинация бойынша ұсыныстары соңғы рет 2023 жылғы 2 мамырда жаңартылған. Онда COVID-19 қарсы вакциналар қауіпті деп жазылмаған.

Пандемия аяқталған соң ДДҰ екпелерді зиянды деп танығаны туралы беделді БАҚ-та жазылған жоқ.

Демек, таралған ақпарат жалған.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button