Fake News

Фейк: «Рокфеллер қоры азық-түлікпен қамтамасыз етуді бақылауға алады»

Танымал қазақстандық Telegram-арналардың бірінің қатысушылары азық-түлікпен қамтамасыз ету жақын арада Рокфеллер қорының қарамағына өтетіндігінің дәлелін тапты. Бұл туралы ұйымның ресми сайтында жазылған екен. Бұл фейк.


Шындығында, қор сайтында мұндай ақпарат жоқ. Қастандық теориясын жақтаушылар өз теориясының дәлелі ретінде ұсынған сілтеме бойынша АҚШ-тың Азық-түлік жүйесін өзгертуге арналған парақша ашылады. Онда жарияланған ақпаратқа сәйкес, Рокфеллер қоры мектептегі тамақтану бағдарламаларын қолдау және Produce Prescription бағдарламаларына жылдам қол жетімділікті арттыру бойынша жұмыс істейді. Бұл бағдарлама балалар мен олардың отбасыларын дұрыс тамақпен қамтамасыз етуге бағытталған.
Қордың басты бастамасы ретінде: «Тамақтану саласында нәсілдік теңдіктің алшақтығын азайтуға, денсаулықты жақсартуға және жалпы өркендеуді қамтамасыз етуге бағытталған саясатты жылжыту кезінде балалар мен олардың отбасыларына нәрлі тамақ жеткізу» көрсетілген.
Сайтта Рокфеллер қоры осы мекемелерге сатып алатын және қоғамдық денсаулық пен қоғамдық игілікті жақсартуға қызмет ететін қатаң азық-түлік стандарттарын орнатуға көмектесетін бағдарламаларға қаражат салады.
– Біздің грант алушылар 4,5 миллионнан астам оқушыны қамтитын ауылдық және қалалық мектеп округтарын және жыл сайын азық-түлік сатып алуға 1 миллиард доллардан астам қаражат тартты, бұл балаларға нәрлі тағамдар көбірек жеуге және азық-түлік жүйесіндегі үлкен өзгерістерді тездетуге септігін тигізеді. Бұл жұмыс өмір сүру үшін тең және қолайлы жағдай жасау үшін күш біріктіруге мектеп аудандары мен басқа да оқу орындарын тарту үшін үнемі кеңейтіліп отырады, – делінген сайтта.
Сондай-ақ, қастандық теориясын жақтаушылардың пікірінше, Рокфеллер қоры тамақты дәрі-дәрмекке айналдырып, оны тек дәрігердің рецептісі бойынша ғана беруді жоспарлап отыр. Бұл өтірік. Ұйымның сайтында мұндай ештеңе айтылмаған.
Медицина мен тамақтанудың байланысы туралы бөлімде дұрыс тамақтану көптеген аурулардың алдын алу құралы бола алады делінген. Қор мамандары теңдестірілген диетаның пайдасына ғылыми негізделген дәлелдер жинаумен айналысады. Сонымен қатар ұйым денсаулық сақтау жүйесіне дұрыс тамақтануды енгізуді қолдайды. Қор өкілдерінің пікірінше, бұл қымбат инвазивті процедураларға қажеттілікті едәуір азайтуы мүмкін.
Қор АҚШ-тағы немесе басқа жерде азық-түлікпен қамтамасыз ету жүйесін толық бақылауды жоспарлап отырғаны туралы сайтта айтылмаған. Сондай-ақ, порталда қор бастамасымен салауатты тағамды сатып алудың жалғыз тәсілі дәрігерден рецепт алу болады деп пайымдауға негіз болатын мәліметтер жоқ.
Қорыта айтқанда, Рокфеллер қоры азық-түлік жүйесін өз бақылауына алатыны туралы ақпарат — ұйымның ресми сайтында жарияланған ақпаратқа қайшы келетін фейк.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button