Медициналық фейктер

Дәлелсіз: «Шалқан құяңды, тіс ауруын және демікпені емдейді»

Танымал Telegram чатта пайдаланушылар шалқанмен көптеген ауруды емдеу құпияларымен бөлісуде. Ежелгі заманнан белгілі бұл тамыр дақылы демікпе, құяң, тіс ауруы, асқазан-ішек жолдары ауруларын, суық тию және т.б. емдейді. Бұл рас па, анықтайық.

Шалқан – өте пайдалы өнім. Онымен кез келген тағамда картопты алмастыруға болады – дәмі жағынан бұл көкөністің дәмі айтарлықтай ерекшеленбейді. Ал калориясы жағынан өзгеше. 130 грамм шалқанның құрамында 36 калория бар, ал осы көлемдегі картопта жүзден асады. Мұны картопта көмірсулардың көп болуымен түсіндіруге болады.
Сондай-ақ шалқанның құрамында жасұнық, С дәрумені, фолий, фосфор және кальций бар. Жеуге жарамды бұл өсімдіктің жапырағында А, К және С дәрумендері бар. 
Ғалымдар шалқанның пайдалы қасиеттерін бірнеше рет зерттеді. Шалқан жасұнаққа бай болғандықтан, оны қолдану ішек дивертикулитінің даму қаупін төмендетеді деп саналды. Алайда, зерттеуде шалқанның адамдарды аталған аурудан емдеу қасиеті туралы айтылмаған.
Сондай-ақ шалқанның қан қысымын төмендететіні жазылған жұмыстар да бар. Алайда, осы тақырып бойынша қолда бар деректер мұндай әсері барын сенімді айту үішн жеткіліксіз болып табылады. 
Сондай-ақ ғалымдар шалқанның құрамындағы кейбір компоненттерді қатерлі ісік қаупінің төмендеуімен байланыстырады, бірақ мұнда да нақты қорытынды жасау үшін ғылыми дәлелдер өте аз.
Жалпы, шалқанның тамыр дақылдарын, оның жапырақтарын жеген денсаулыққа пайдалы. Бірақ мұндай диета аурулардан емдейді деген пікірлер дәлелсіз. Шалқанның демікпе, құяң немесе басқа аурулардан арылуға көмектесетінін дәлелдейтін ғылыми дәлелдер жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button