Фейк: «Әлемде бірде-бір вакцина рандомизацияланған сынақтардан өтпеген»
Қазнетте әлемде бірде-бір вакцина сенімді ғылыми сынақтардан өтпегені туралы видео тарады. Екпелердің қауіпсіздігі мен тиімділігі дәлелденбеген. Бұл рас па? Тексерейік.
Екі рет шағылыстырып, рандомизацияланған, бақыланатын клиникалық зерттеулер жалпы ғылымдағы, оның ішінде медицинадағы «алтын стандарт» болып табылады. Зерттеу жүргізудің бұл әдісі мәліметтерді бұрмалауға және қатысушылардың немесе ұйымдастырушылардың тарапынан оған байқаусызда әсер етуге жол берілмейді.
Қолданыстағы вакциналардың ешқайсысы мұндай жолмен зерттелмеген деген пікірлер шындыққа жанаспайды. Әлемде жүргізіліп жатқан рандомизацияланған бақыланатын клиникалық зерттеулердің көпшілігі жарияланған ClinicalTrials.gov порталында «вакцина» деп іздегенде жүздеген нәтиже шығады.
Сайтта сіреспе, шешек, қызылша, қызамық, паротит, безгек, АИТВ және басқа ауруларға қарсы вакциналарды сынау туралы есептер бар.
Роликте адам папилломавирусынан қорғайтын бір нақты вакцина «Гардасил» көрсетілген. Ол да рандомизацияланған, плацебо-бақыланатын және екі рет шағылыстырылатын клиникалық зерттеулерден өтті. Олардың нәтижелерін Желіден табуға болады.
Сондай-ақ, видеода вакциналарға денсаулыққа зиянды болып табылатын және ағзаға әсері ғылыми түрде бағаланбаған алюминий қосады деп айтылады. Бұл да өтірік.
Алюминий вакциналарда адъювант ретінде қолданылады, яғни ол иммундық реакцияны күшейту үшін қажет. Оның вакциналар құрамындағы ағзаға әсері жоғарыда аталған препараттардың жалпы сынақтары аясында зерттелді. Мұндай қоспаның қауіпсіз екендігі ғылыми деректерде де жазылған, медицина саласындағы мамандар да айтуда.
Демек, таратылған видеода жалған мәлімдемелер мен дәлелденбеген теориялар бар.