Фейк: «COVID-19 қарсы вакцинацияланған адамдар егілмегендерге вирустың мРНҚ-сын таратады»
Telegram-да COVID-19 қарсы вакцинадағы мРНҚ вакцинацияланған адамдардан егілмегендерге берілетінін дәлелдейтін жаңа зерттеудің жарияланғаны туралы жазылды. Бұл рас па? Анықтайық.
Хабарламаға сәйкес, бұл зерттеу TMR Infectious Diseases Research журналында жарияланған. Басылымның сайтында mRNA кілт сөзі бойынша (мРНҚ – ағылш.) 2022 жылы жарияланған бір ғана мақала шығады. Ол «COVID-19-ға қарсы мРНҚ вакциналары шығаратын мРНҚ мен тікенектердің экскрециясы туралы білімнің қазіргі жағдайы. Вакцинацияланған адамдардың айналадағыларға осы өнімдерді жұқтыру ықтималдығы» деп аталады.
Мақала атауының жанында онда келтірілген дәлелдер күмән тудырады және дәлелденген факт емес, тек гипотеза ғана болып табылатыны көрсетілген.
Сонымен қатар мРНҚ өте нәзік және бірнеше күннен кейін ағзада ыдырап кететіні ғылыми дәлелденген факт. Сондай-ақ мРНҚ вакцинацияланбаған адамдардан егілмегендерге берілмейтіні дәлелденген. Бұл – вакцинацияға қарсы адамдар таратқан ғылымға қарсы қастандық теориялары.
Хабарламада вакцинацияланған адамдардан мРНҚ-ның егілмегендерге берілетінін дәлелдеген доктор Питер МакКаллоу – covid-диссидент, ол көптеген жалған және негізсіз мәлімдемелермен танымал.
Таралған ақпаратты фейк деп санауға үш себеп бар. Автор сүйеніп отырған зерттеу күмәнді. Егілген адамдарға мРНҚ-ның берілетіні туралы теория ғылымға қарсы. Питер МакКаллоу – вакцинацияға қарсы және жалған мәлімдемелер жасаған covid -диссидент.