Қазақстандықтарды фейк онлайн-дауыс беруге шақырып алдауда
Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде Қазақстанда алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғаны туралы ақпарат тарады. Пайдаланушыларға белгілі бір конкурста балаға немесе таныс біреуге дауыс беру өтінішімен хабарлама мен сілтеме жіберіледі, ол арқылы. Шын мәнінде, осылайша алаяқтар аккаунттарға кіреді, тіпті ақша да ұрлайды.
Осындай алаяқтық схемасы туралы 2023 жылдың тамызында ресейлік пайдаланушылар да айтқан болатын. Олардың айтуынша, өз таныстарына немесе туыстарына дауыс беру ниетімен сілтеме бойынша өткенде, телефон нөмірін және оған келген кодты енгізуді талап ететін парақша ашылады. Осыдан кейін адамдар What’sApp аккаунттарын басқара алмай қалған, ал контактілерінің барлығына дерлік дауыс беру туралы ақпарат жіберілген.
Алаяқтардың құрығына түскендердің кейбірі телефон нөмірін де, кодты да енгізбегенін, бірақ сілтеме арқылы өткеннен кейін бірден аккаунтты басқара алмай қалғандарын айтқан. Зардап шеккендердің бірінің сөзінше, алаяқтар оның басқа да аккаунттарын, соның ішінде мемлекеттік ресурстардағыы аккаунттарын бұзуға тырысқан.
Мұндай алаяқтықтан өз-өзіңізді сақтау үшін кім жіберсе де, күмәнді сілтемелер арқылы өтпеңіздер. Егер танысыңыз сізді қандай да бір сайтқа кіруге шақырса да, есіңізде болсын – оның аккаунтын біреулер бұзып кірген болуы мүмкін.