Манипуляция: «Швейцарияда COVID-19 қарсы вакциналардан болған жанама әсерлер басқа вакциналарды бірге алып қарағанда көп»
Желіде Швейцария билігі елде COVID-19 қарсы вакциналардан болған жағымсыз реакциялар саны барлық басқа вакциналарға қарағанда бірнеше есе көп екенін көрсететін зерттеу жүргізді деген хабарлама таралуда. Сондай-ақ, КВИ-ге қарсы вакцинация нәтижесінде елде 90 адам қайтыс болған екен. Бұл манипуляция.
Бұл теорияны «растау» үшін келтірілген кестені Швейцария билігі емес, reingosante.ch порталының әкімшілігі жасаған. Бұл портал вакцинацияға қарсы идеялар таратады.
Швейцарияда COVID-19 қарсы вакциналарына болжамды жағымсыз реакциялар туралы ресми есепте КВИ вакциналарының жанама әсерлерін басқа вакциналармен салыстырмаған. Құжатта осы жылдың 1 қаңтары мен 15 маусым аралығында 2 994 хабарлама келіп түскені, оның ішінде 1 901-і ауыр емес деп жіктелгені айтылған. Хабарламаларда барлығы 7 738 жағымсыз реакция сипатталған, олардың тек 1 043-і ауыр деп танылған. Сонымен қатар, өтініш берушілердің нақты диагноздары мен жағдайлары көрсетілмеген, сондықтан әлеуметтік желілерде таратылған хабарламада айтылғандай, 1043 вакцинацияланған адам «ауыр» жағдайда деп айтуға болмайды. Айта кетерлік жайт, бұл жағдайлардың әрқайсысы пациенттердің жағдайлары вакцинациядан туындағанын немесе созылмалы аурулардың өршуінің нәтижесі екенін анықтау үшін мұқият зерттеледі. Вакцина алу салдарынан барлық адамдар өздерін нашар сезінді деп айту мүмкін емес – бүгінгі күні бұған ешқандай дәлел жоқ.
Сондай-ақ, есепте елде COVID-19 қарсы вакцина алған 19 адам қайтыс болғандығы айтылған. Марқұмдардың орташа жасы – 81,1. Олардың көбінде ауыр созылмалы аурулар болған. Өлімнен кейінгі сынақтар мен сараптамалар нәтижелері өлім себептері вакцинацияға қарамастан дамыған инфекциялар, жүрек-тамыр аурулары немесе өкпе және тыныс алу жолдарының аурулары болғанын көрсетті.
– Осы уақытқа дейін алынған және талданған жағымсыз реакциялар туралы есептер Швейцарияда қолданылатын COVID-19 қарсы вакциналардың пайдасы мен қаупі арақатынасындағы оң профильді өзгертпейді. Бұл көбінесе олардың жанама әсерлерінің белгілі тізімін растайды», – делінген есеп қорытындысында.
Айта кетейік, Швейцарияда есепте көрсетілген мәліметтер бойынша 6 120 202 адам егілді. Осылайша, елеулі болжамды жағымсыз реакциялар туралы 1043 хабарлама екпе салдырғандардың жалпы санының тек 0,017% – ын ғана құрайды.
Осылайша, Швейцарияда КВИ қарсы вакцинациялауға қатысты Қазнетте тараған ақпарат манипулятивті болып табылады және шынайы есепте баяндалған объективті фактілерге сәйкес келмейді. Вакциналардың болжамды жанама әсерлері туралы хабарламаларды мамандар зерттейді және бүгінде олардың COVID-19-ға қарсы препараттарды алумен байланысы анықталмаған. Барлық өлім-жітім анамнезінде ауыр аурулары бар қарт адамдар арасында болған. Жүргізілген зерттеулер өлімнің ешқайсысы КВИ вакциналарынан болмағанын растады.