Манипуляция

Манипуляция: «Германияда вакцинацияға қарсы алғашқы сот басталды»

Танымал Telegram каналдарда Германияда Pfizer-BioNTech компаниясына қарсы алғашқы сот процесі басталғаны туралы хабар тарады. Вакцинациядан кейін жүрек проблемалары туындаған әйел сотқа жүгінген екен. Не болып жатқанын түсіндірейік.

Таралған хабарламада авторлар Der Spiegel белгілі неміс жаңалықтар порталына сүйенеді. BioNTech атауын іздеу арқылы біз 2023 жылғы 11 сәуірде шыққан мақаланы таптық. Онда COVID-19 қарсы вакциналар шығаратын компанияларға қарсы көптеген сот процестері туралы жазылған.
Мәтінге сәйкес, Дюссельдорф пен Висбаденде заңгерлер 185 азаматтық іс жүргізіліп жатыр, онда даудың мәні COVID-19 қарсы вакциналардан болған ықтимал залал болып табылады деген.
Осы процестердің біріншісі 2023 жылғы 28 сәуірге белгіленген. Іс бойынша талапкер – есімін анонимді сақтап қалған әйел. Адвокатының айтуынша, қорғалушы COVID-19 қарсы вакцинацияға байланысты туындаған жүрек проблемаларынан зардап шегеді.
Алайда судья әлі үкім шығармаған. Сот отырысының күнін белгілеу фактісі талапкердің айтқаны дұрыс екенін дәлелдемейді.
Тарихта мүлдем ештеңе дәлелдемеген сот процестері көп. Мысалы, 2009 жылы колледж түлегі Трина Томпсон жұмыс таба алмағандықтан колледжін сотқа берген. Ол сотта колледж толық жұмыспен қамту үшін күш жұмсамағанын айтқан. Нәтижесінде ол сотта жеңіліп қалды. Оның талап-арыз беру фактісі колледждің ешкімнің жұмысқа алғысы келмейтін біліктілігі төмен мамандарды оқытып шығаратынын дәлелдемейді.
2016 жылы америкалықтар тобы RedBull энергетикалық сусын шығаратын компанияға қарсы сот ісін бастаған. Олардың талаптары қуат бермейтініне негізделді. Компания істі соттан тыс шешуді жөн көріп, талапкерлерге 640 мың доллар төледі. Алайда, бұл RedBull мүлдем қуат бермейді дегенді білдірмейді.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде, таралған хабарлама манипуляция деп айта аламыз. Германияда вакцинациядан кейін жүрек проблемалары пайда болды деп мәлімдеген әйелдің ісін қарау жоспарланып отыр. Сот оның дұрыстығын дәлелдесе де, бұл вакцинацияланған адамдардың барлығында бірдей проблемалар бар немесе вакциналар қауіпті дегеннің белгісі емес. Бұл орын алған бір ғана жағдай, оның негізінде жалпы қорытынды жасау мүмкін емес.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button