Манипуляция

Манипуляция: «Біз өмір сүріп жатқан заманда көмірқышқыл газы аз»

Әлеуметтік желілерде Greenpeace ұйымының тең құрылтайшысы Патрик Мурдың адамдар көмірқышқыл газы аз дәуірде өмір сүріп жатқаны туралы сөздері таратылады. Мур CO2 шығарындылары жаһандық климаттың жылынуына әсер етпейді және парниктік газдарсыз Жердегі барлық тіршілік жойылатынын еді деп мәлімдейді.

Енді көмірқышқыл газы шығарындылары туралы айтылғандардың қайсысы шын және қайсысы жалған екенін талдайық.

Патрик Мур – экология және экономика саласындағы канадалық белсенді. Мур 1971 жылы Greenpeace ұйымы құрылғаннан бері жұмыс істеп келеді. Патрик Мур өзін ұйымның негізін қалаушы және тең құрылтайшысы деп санайды, ал Greenpeace мұны жоққа шығарады. 1979 жылдан бастап Мур Greenpeace Canada директоры болды. Бірақ 1986 жылы саясаттағы келіспеушіліктерге байланысты ол ұйымнан кеткен.

Greenpeace-тен кеткеннен кейін Мурдың көзқарасы айтарлықтай өзгерді, өйткені оның қызметі ядролық өнеркәсіпті қолдауға, ормандарды шабуға және т.б. қатысты болды. Сонымен қатар ол климаттың өзгеруін бірнеше рет жоққа шығарып, әртүрлі эко-белсенділердің, соның ішінде Greenpeace-тің қызметін сынға алды.
CO2 шығарындыларына келетін болсақ, көмірқышқыл газы Жер бетіндегі көптеген табиғи процестер үшін өте маңызды. Мұндай процестердің ең түсінікті және қажетті түрлерінің бірі – CO2-сіз мүмкін емес парниктік эффект. Атмосфераның төменгі қабаттарында парниктік газдардың жиналуы жер бетінен шығатын жылуды ұстайды. Бұл процесс болмаса, планетадағы орташа жаһандық температура -18 °C шамасында болар еді, дегенмен нақты температура 14 °C құрайды.
Алайда, газдың шамадан тыс жиналуы табиғи парниктік әсерді күшейтеді. Осыған байланысты Жер бетінде жаһандық температура көтеріледі. Нәтижесінде кейбір аймақтарда қатты құрғақшылық пен аптап ыстық басталады.

Сонымен қатар көмірқышқыл газы фотосинтез процесі үшін өте маңызды, онсыз көптеген тірі организмдер өмір сүре алмайды. Мысалы, өсімдіктер, балдырлар және цианобактериялар. СО2 болмаса, өсімдіктер адам өміріне қажетті оттегін шығара алмайды.
Бірақ көмірқышқыл газының пайдасына қарамастан, қазіргі уақытта оның атмосферадағы мөлшері (шамамен 420 ppm) табиғи процестер үшін қажетті мәннен асып түсті және табиғатқа орны толмас зиян келтіре отырып, өсуді жалғастыруда.

Орташа жаһандық температураның жоғарылауы, бұл CO2 шығарындыларының қоршаған ортаға келтіретін жалғыз зиянды әсері емес. Көмірқышқыл газының көп мөлшері Дүниежүзілік мұхитқа түседі. Осыған байланысты мұхиттағы судың тотығуы жүреді, яғни оның рН орта аз сілтілі және қышқыл болады. Бұл оның барлық тұрғындарына, соның ішінде адамдар қоректенетін балықтарға тікелей зиян тигізеді.
Алайда, Жер қалыптасқалы CO2 мәні қазіргі көрсеткіштерден әлдеқайда жоғары болған дәуірлер болды. Мысалы, Патрик Мурдың өзі айтқан Кембрий жарылысы. Кембрий кезеңінде атмосферадағы CO2 деңгейі 20 есе жоғары және орташа жаһандық температура шамамен 22°C болған екен.

Көмірқышқыл газының деңгейі және температура динозаврлар дәуірінде, триас кезеңінде де жоғары болды. Ғалымдардың пайымдауынша, сол кездегі CO2 көрсеткіштері 6000 ppm-ге жеткен. Бірақ Кембрий де, триас кезеңдерін де қазіргі уақытпен салыстыруға болмайды, өйткені ол кезде басқа климаттық жағдайлар болды және температураның жоғарылауы табиғи және ұзақ процесс болды.

Қазіргі уақытта CO2 мәні өте тез өсуде және бұл адамның іс-әрекетіне байланысты орын алуда. Зерттеулер көрсеткендей, 10 000 жыл ішінде, 18 ғасырдың ортасына дейін көмірқышқыл газының мәні шамамен 280 ppm тұрақты болды. Өнеркәсіптік революцияның басталуымен бірге атмосферадағы СО2 концентрациясы арта бастады.

Атмосферадағы көмірқышқыл газының жоғары концентрациясы қоршаған ортаға теріс әсер ететіні белгілі болды. Өйткені шамадан тыс көрсеткіштердегі CO2-нің барлық оң әсерлері керісінше әрекет етеді, бұл жаһандық жылыну мен климаттың өзгеруіне әкеледі. Бұл жердегі тіршілікке орны толмас зиян келтіреді.

Демек, Патрик Мурдың сөздерінің көбі шындыққа жанаспайды және оларға сенбеген жөн. Оның Greenpeace-тің негізін қалаушы, парниктік газдар шығарындылары климаттың өзгеруіне әсер етпейді және жаһандық жылыну мүлдем жоқ дегеніне де.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button