Жалған: «Вакцинация балаларға қауіпті»

Әлеуметтік желілерде тараған видеода америкалық вирусолог Роберт Уоллес Мэлоун вакцинация балаларға қаупі екенін ескертеді. Егу ми мен жүректі зақымдайды, сонымен қатар баланың иммундық жүйесінде генетикалық өзгерістерге әкеледі екен. Бұл фейк.
Роберт Мэлоун вакцинацияның «зияны» туралы даулы мәлімдемелерімен белгілі. Оның пікірін растайтын ғылыми негізделген және тәуелсіз зерттеулер жоқ.
2021 жылдың қарашасында Мэлоун Twitter-де жалған видео жариялады, онда ол спортшылардың өлімі COVID-19 қарсы вакцинациясымен байланысты дейді. Осындай жағдайлардың бірінде индианалық 17 жасар футболшы Джейк Уэст қайтыс болған екен. Оның жүрегі тоқтап қалған. Мэлоуннің пікірінше, оның өліміне вакцинация себеп болды. Кейін Уэсттің COVID-19 пандемиясына дейін көз жұмғаны анықталды. Twitter 2021 жылдың желтоқсанында жалған ақпарат таратқаны үшін Мэлоунның аккаунтын біржола бұғаттайды.
Мэлоун өзін үнемі мРНҚ вакциналарының әзірлеушісі ретінде таныстырады. Pfizer және Moderna өздерінің COVID-19 қарсы екпелерінде дәл осы технологияны пайдаланған.
2021 жылдың шілдесінде logically басылымы доктор Мэлоун туралы мақала жариялады. Онда мРНҚ вакциналары мен оларға негіз болған технологияны ойлап тапқан ол емес делінген. Осы материалға жауап ретінде Мэлоун вакциналарды жасамағанын, бірақ «вакцина технологиясы платформасының» авторымын деп мәлімдейді. Бұған дәлел ретінде Мэлоун тоғыз патент ұсынған, бірақ олардың ешқайсысы оның пікірін растаған жоқ.
ХХ ғасырда балаларды жоспарлы иммундауды енгізу денсаулық сақтау саласындағы ең үлкен жетістіктердің бірі болып саналады. 2024 жылы The Lancet журналында жарияланған зерттеу 1974 жылдан бері вакциналар бүкіл әлем бойынша 154 миллион адамның өмірін сақтап қалғанын көрсетті, бұл әр минут сайын құтқарылған алты өмірге тең. Осы құтқарылған адамдардың 95%-ы 5 жасқа дейінгі балалар.
Бүгінде полиомиелитке қарсы вакцина балалар үшін міндетті екпелердің бірі. Ол 1950 жылдары әзірленгенге дейін жыл сайын АҚШ-та полиомиелиттен мыңдаған бала қайтыс болатын. 1953 жылы Америкада тараған індеттен 3 мыңнан астам бала көз жұмды.
Қазір қызылшаға қарсы егу жүргізіледі. Вакцина АҚШ-та 1960 жылдары пайда болды. Осы уақытқа дейін мұнда жыл сайын 3-4 миллионға дейін адам ауырып, 48 мың адам ауруханаға жатқызылып, 400-500 адам қайтыс болған.
Иә, вакцинация қызудың көтерілуі, бас ауруы, дене ауруы және т.б. сияқты әртүрлі жағымсыз реакциялар тудыруы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай, ол иммундық жүйенің белсендірілуіне және вируспен күресуге дайындалуына байланысты. Кейбір жағдайларда вакцина одан да ауыр жанама әсерлер тудыруы мүмкін. Вакциналар туралы барлық ақпарат баршаға қол жетімді.
Демек, Роберт Мэлоунның вакцинация балаларға қауіпті деген мәлімдемесі фейк болып табылады. Ол өз сөзіне ғылыми дәлел келтірмейді.
Вакцинация миллиондаған адамның өмірін сақтайды, әсіресе 5 жасқа дейінгі балалар арасында, ал олардың қауіпсіздігі мен тиімділігі көптеген зерттеулермен расталған.