Fake News

Жалған: «Әуежайда сканерден өткен чемодандар мен сөмкелер радиацияны сақтап қалады»

«Ұшақ салонына алып жүретін сөмкені үш рет ұшқан соң, ал багажға тапсыратын чемодандарды – әр алты рейстен кейін лақтырып тастау керек». Танымал әлеуметтік желілердің бірінде осындай кеңес берілген. Сөмкелер мен чемодандар сканерден өткенде ондаған жылдар бойы сақталуы мүмкін радиацияны жинайтындықтан бұл өте маңызды, Бұл өтірік.

Көрсеткіштерден бұрын, радиацияның адам ағзасына әсерін өлшеу үшін физикада қандай ұғымдар қолданылатынына тоқталайық. Бұл эквивалентті доза және эквивалентті дозаның қуаты. Ол Зиверттермен (Зв) және зиверт/сағ өлшенеді. Миллизиверт те бар (мЗв) бар – зиверттің мыңнан бір бөлігі және микрозиверт (мкЗв) – зиверттің миллионнан бір бөлігі.

Ресейлік және халықаралық стандарттар адам үшін сағатына 0,5 мкЗв сәулеленудің өте қауіпсіз дозасы болып саналады. Қазақстан Республикасында белгіленген қолданыстағы нормаларға сәйкес иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істемейтін жай адам үшін тиімді жылдық доза 1 мЗв құрайды. Бұл тек техногендік сәулелену көздерінен ғана алынатын доза.

Енді интроскопқа тоқталайық. Бұл заттарды түйіспесіз тексеру үшін қолданылатын рентгенотелеаизиялық құрылғы. Радиациялық қорғау жөніндегі халықаралық комиссияның (icrp) ақпараты бойынша, интроскоптарда қолданылатын рентген сәулесінің дозалары өте төмен және адам денсаулығына айтарлықтай қауіп төндірмейді. Сонымен қатар, қондырғы дизайнының өзі рентген сәулелерінің құрылғы корпусынан тыс шығуына жол бермей, қорғауды қамтамасыз етеді. Радиациялық дозаның адамға жетуінің жалғыз жолы – туннельге кіру және шығу.

Жеке заттарды тексеру кезінде сәулелену дозасы өте аз, бұл жолаушыға да, интроскоп операторына да қауіп төндірмейді. Бұл сканерленетін заттарға да қатысты, бұл күтпеген жағдай болып көрінуі мүмкін.

Салыстырып көрейік, ADANI BV5030 интроскопынан шығатын иондаушы сәулеленудің дозасы 0,16 мкЗв аспайды, бұл Зиверттің миллионнан бір бөлігінің жүзден бір бөлігін немесе 0,00016 мЗв құрайды. Қарапайым тілмен айтқанда, бұл өте төмен доза, оның әсері ешқандай нәтиже бермейді.

Әуежайлардағы адамдарға арналған сканерлерде де соылай – олар қауіпсіз деп саналады. Нью-Джерси Рутгерс медициналық институтының Жедел медициналық көмек факультетінің деканы, профессор Льюис Нельсон әуежайларда қолданылатын сканерлердің жартысына жуығы иондаушы сәуле шығарады, бірақ оның деңгейі өте төмен, бұл денсаулыққа қауіп төндірмейді дейді. Басқа сканерлердің жартысында иондамайтын сәулеленуге қатысты миллиметрлік толқындар пайдаланылады.

Біз радиацияны тамақ арқылы да алатынымызды ұмытпайық. АҚШ-тың Ұлттық аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу басқармасының (NASA) бағалауы бойынша, егер жыл бойы күн сайын ұшақпен ұшсаңыз, сканерден өткен сайын жыл бойы тамақпен бірге сіңіретін иондаушы сәулеленудің аз ғана бөлігін аласыз.

Сондай-ақ, NASA тағамдардың көпшілігінде көміртегі-14 және калий-40 радиоактивті изотоптары бар екенін еске салады. Шындығында, күнделікті өмірде кездесетін көптеген заттар мен материалдар сәуле шығарады. Оның ішінде топырақ, бетон тротуарлар мен ғимараттар және біз дем алатын ауа бар – олардың барлығы белгілі бір дәрежеде радиоактивті.

Табиғи сәулеленудің қауіпті көздерінің бірі радон – бұл түсі де, дәмі де, иісі де жоқ радиоактивті газ. Бірақ радон өкпеге түспес үшін адамды қабырғасы қалың қорғасын камераға отырғызса да, ол сәулеленеді. Бұл сәулеленудің көзі оның ағзасында туғаннан бар және өмір бойы түсіп оытартын радионуклидтер болады. Адам ағзасындағы кальций немесе фосфор секілді, бұдан да құтылу мүмкін емес.

Пост авторы арнайы әзірленген нұсқаулықты сатып алуды ұсына отырып, радиацияны ағзадан шығаруға қосымша күш салуды ұсынады. Көріп отырғаныңыздай, бұл ақша табудың амалы ғана.

Сканерлеуден кейін сөмкелер мен чемодандарға жиналатын радиация туралы мифтің ғылыми негізі жоқ. Әуежай интроскоптары адамдар үшін қауіпсіз және қауіп төндірмейтін радиацияның минималды дозаларын пайдаланады. Күнделікті өмірдегі радиацияны және нақты сәулелену көздерін түсіну нақты тәуекелдер туралы көбірек білуге көмектеседі.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button