Fake NewsМанипуляция

Фейк: «Ойлар су құрылымына әсер етеді»

Қазақстандықтар Telegram мессенджерінде ойлар судың құрылымына әсер етеді деп жазды. Судың жанында тұрып жақсы ой ойласа, бұл сұйықтық қатқан кезде әдемі және тұрақты кристалдарға айналады екен. Ал бір стақан судың жанында жаман ой ойласаңыз, қатқан кезде оның пішіні әдемі болмайды. Мұның бәрі псевдоғылыми және дәлелсіз.

Ойдың суға әсері туралы ақпаратқа тіркелген суреттерді Желіден көруге болады. Олар псевдоғылыми мақалаларда және ойлар мен өмір беретін ылғалдың өзара байланысын көрсету үшін қолданылады. Кристалдың әр суретінің астында суға айтылған сөздер жазылған – әдемі кристалдардың суреттерінің астында жақсы, ал жаман суреттердің астында жаман сөздер. Алайда, Желіде бірдей суреттің астынан әртүрлі сөздер жазылғанын көруге боалды. Мысалы, Қазнет қолданушылары таратқан нұсқада ең әдемі кристалға «Мен сені өлтіремін» деп айтылған. Басқа сайттарда дәл сол суретке «Мен сенен жиіркенемін» деп жазылған. Қандай да болмасын бір нәрсені дәлелдей алатын қатаң ғылыми тәжірибе үшін мұндай сәйкессіздіктер кешірілмейтін жағдай және оның объективтілігіне күмін келтіреді.

Ойлар су құрылымын қалыптастырады деген идеяның авторы – псевдоғалым Масару Эмото. «Судағы жасырын ойлар» кітабында ол әртүрлі тәжірибелердің нәтижелерін келтіріп, өз теориясын дәлелдейді. Алайда, оның бірде-бір тәжірибесі рецензияланған ғылыми журналда сипатталмаған. Яғни, тәжірибелердің бақыланғанына және дәлелдемелер ғылымның барлық стандарттарына сай келетініне ешқандай дәлел жоқ. Сондай-ақ бақыланатын тәжірибелер аясында адамның ойының суға әсерін зерттеуге тырысқанда, ешқандай әсердің болмайтыны анықталды: кристалдар адамдардың не ойлағанына қарамастан қалыптасқан. 

Сонымен қатар Масару Эмото судың ойларды неге «еститінін» түсіндіретін ешқандай теориялық негіз келтірмеген. Су молекуласы өте қарапайым: ол екі сутегі және бір оттегі атомынан тұрады. Ол V латын әрпінің пішініне ие, оттегі атомы хаттың төменгі нүктесінде, ал сутегі атомдары оның ұштарында орналасқан. Бұл қалай және неге өзгеретінін Масару Эмото мүлдем түсіндірмеген.

Жалпы, Эмотоны судың керемет қасиеттеріне сенгені үшін айыптаудың қажеті жоқ. Судың «есте сақтау» қабілетінің барына, оның құрылымының өзгеретініне және басқа да фантастикалық қасиеттеріне деген сенім ғасырлар бойы сақталып келеді. Гомеопатия дәл осы көзқарастарға негізделген. Оның неге жұмыс істемейтіні және «судың есте сақтау» қабілеті бар деген теория ғылымға қарсы және ойға қонымсыз екендігі туралы биолог және ғылымды дәріптеуші Александр Панчин «Қараңғы өнерден қорғау. Паранормальды құбылыстар әлеміне нұсқаулық» кітабында егжей-тегжейлі жазған. 

Айта кетейік, «судың есте сақтау» қабілеті теориясы мен оған негізделген гомеопатияны жеке ғалымдар ғана емес, сонымен бірге жалпы ғылыми қауымдастық мойындамайды. Гомеопатия псевдоғылым болып саналады және кейбір елдерде ресми тыйым салынған.

Демек, ойлар судың құрылымына әсер етеді деген теория дәлелсіз және псевдоғылыми идеяларға негізделген.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button