Fake News

Фейк: «Ваниль қосылған спрей итті кенеден қорғайды»

Интернетте адамдарға ғана емес, сондай-ақ үй жануарларына да арналған халық рецептілері кеңінен таралған. Танымал Instagram аккаунттарының бірінде итті кенеден қорғайтын «рецепті» берілген. Ванилин мен арақты араластырып, оны итке себу керек. Кенелер бірден кетеді екен, бұл өтірік.

Кене – кішкентай болса да, жануарлар үшін де, адамдар үшін де өте қауіпті жәндік. Ол қанмен қоректенеді, шөпте, бұталарда және аласа ағаштарда мекендейді. Кене шағу қауіпі бойынша кезең сәуір айынан қыркүйек айына дейін созылады. Кенелердің белсенділігі ауа райына (ауа температурасына, ылғалдылыққа) байланысты. Кенелер ауа температурасы +3-5ºС болғанда оянып, +15ºС асқанда белсенділіктері арта түседі.

Кененің шаққаны аса қауіпті емес. Бірақ кене шаққанда немесе оны езіп тастаған кезде қанға енетін қоздырғыштар өте қауіпті болуы мүмкін. Бұл жәндік тек кене энцефалитінің ғана емес, сонымен қатар басқа да инфекциялардың тасымалдаушысы болып табылады.

Ванилин шыбын-шіркей мен масаларға қарсы тиімді болғандықтан, кенеден де сақтайды деген миф таралған. Ванилин қосылған ерітіндінің әсері ұзаққа жетпейді – 3-4 сағатқа ғана. Есесіне, оны дұрыс дайындай білу керек.

Мал дәрігерлерінің айтуынша, ванилин кенеге қарсы тиімсіз.

«Ванилиннің әсері жоқ, эвкалипт, қалампыр, жалбыз да сол. Егер ванилинмен бірге тамшылар, таблеткалар немесе спрейді ванилинді қолдансаңыз, онда әсері бар. Бұл көлікке отырып, белдігіңізді тағып, тұмар іліп қойғаныңызбен бірдей. Белдік тақпасаңыз, тұмар көмектеспейді», – дейді ветеринар Сергей Савченко өзінің YouTube арнасында.

Ванилин неге әсер етуі мүмкін? Бұл жай ғана кездейсоқтық. Кене болған жоқ, итке жәндіктер жұққан жоқ немесе үй жануарының иммундық жүйесі күшті.

2017 жылы Sekretmesto YouTube арнасында эксперимент жүргізілді. Автор Желіде таралған рецепті бойынша сұйықтықтар дайындап, оларды жәндіктерге сынап көрді. Нәтижесі айқын болды: ваниль ұнтағы да, ваниль де кенеден қорғамайды.

Бүгінгі күні үй жануарын кенеден сақтаудың жолдары көп. Арнайы қарғыбаулар, спрейлер, сусабындар, таблеткалар, тамшылар. Жануардың қожайыны өзі таңдайды. Ванильді спрей итті кенеден сақтамайды – мұны ветеринарлар және блогерлердің бірі жүргізген эксперименттің нәтижелері растайды. Мұндай интернет-рецептілерге сеніп, жануарыңыздың денсаулығына қауіп төндіруіңіз мүмкін.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button