Фейк: «1958 жылғы энциклопедия Жердің үстінде үлкен күмбез бар екенін дәлелдейді»
Әлеуметтік желілерде 1958 жылы шыққан америкалық энциклопедияны парақтап отырған адамның видеосы тарады. Кітапта Жердің үстінде үлкен күмбез бар екенін дәлелдейтін сөйлем бар, бүгінде бұл ақпарат мұқият жасырылады. Бұл шындыққа жанаспайды.
Видеода көрсетілген энциклопедия бар. Онда Антарктидада табылған күмбез туралы сөйлем де жазылған, бірақ бұл әлеуметтік желілерде қолданушылар жазғандай емес.
Видеода энциклопедиядан келесі дәйексөз көрсетілген:
«Төрт америкалық ұшақ 1955 жылы 20 желтоқсанда Жаңа Зеландиядан Макмурдо бұғазына қарай ұшып шығып, континенттің белгісіз бөліктерін зерттейді. Олар 1956 жылдың 18 қаңтарына дейін рейстер жасап, Жаңа Зеландияға оралады. Бұл рейстер биіктігі 13000 футтық күмбезі шамамен 80° оңтүстік ендік пен 90° шығыс бойлықта орналасқан ішкі аудандарда ешқандай ерекшеліктер жоқ екенін көрсетті».
Бұл сипаттамадан Жерді жауып тұрған күмбездің биіктігі небәрі 13 мың фут, яғни шамамен төрт шақырым екендігін түсінеміз.
Бірақ айналамызға қарасақ, бұл биіктікте Жерде күмбез жоқ деп сеніммен айта аламыз. Қарапайым жолаушылар ұшақтары 9-11 шақырым биіктікте ұшады. Яғни, күмбез бар болса, олар оған соғылатын еді.
Шын мәнінде, энциклопедияда Жер үстіндегі күмбез туралы емес, күмбез деп аталатын тығыз қар мен мұз қабаты туралы жазылған. Антарктидада осындай бірнеше күмбез бар. Қарастырылып отырған күмбезді А деп атайды. Бұл Антарктиканың ең үлкен және аз зерттелген күмбезі. 2005 жылы онда ауа райы туралы мәліметтер тарататын автоматты метеостанция орнатылды.
Ғалымдардың пайымдауынша, А күмбезінде планетадағы ең көне мұз үлгілерін табуға болады.
Демек, 1958 жылғы энциклопедияда жазылған күмбез Жерді жауып тұрған күмбез емес, Антарктидадағы қар мен мұз қабаты.