Конспирология

Фейк: «Химтрейлдер жасау процесі видеоға түсірілген»

Химтрейлдер – ауаға улы заттар шашу туралы теорияны кеңінен насихаттайтын қазақстандық Instagram-аккаунтта қызықты видео жарияланды. Кадрларда аспанда күлімсіреген тұлғаның эскиздік бейнесі қалай пайда болатыны көрсетілген. Бұл не және видеоның неге химтрейлдерге қатысы жоқ екенін түсіндіреміз.

Аспанда жай суреттер салу жаңа әрі белгісіз нәрсе емес. Ұшқыштар пайдаланылған газдың көмегімен бұрыннан шеңберлер, смайликтер жасайды, тіпті жарнамалар да «таратады».

Кескін биіктікте мұз кристалдарына айналатын бу бөлшектерінен пайда болады. Кейде осы мақсаттар үшін адамдарға зиянсыз арнайы қоспалар қолданылады.

Бейнеде көрсетілген күлімсіреп тұрған бейне – бұл ұшқыштың әзілі. Мұндай белгілер әр уақытта Бристоль, Кембридж және басқа қалаларда байқалған.

Химтрейлдер теориясы – бұл 1990 жылдары пайда болған  танымал қастандық теориясы. Отыз жылдан астам уақытта оған сенімді дәлелдер табылмады.

Қорыта айтқанда, таралған видеода ұшқыш ұшақпен аспанда жасаған кескін көрсетілген.  Сурет салған ақ бу адамдарға зиянсыз. Химтрейлдер теориясы конспирологиялық болып табылады және оған дәлел жоқ.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button