Конспирология

Фейк: «Қуатты электр шамдары Эдисон туғанға дейін қолданылған»

Танымал Telegram арналарында қуатты электр шамдары патшалық Ресейде Томас Эдисон туғанға дейін қолданылғандығы туралы хабарлама тарады. Бұған 1843 жылы түсірілген фото негіз болған. Онда балауыздарға арналмаған төбеден салбырап тұрған шам бейнеленген. Бұл электр шам емес. Неге екенін түсіндіріп өтейік.

Өнертапқыш Томас Эдисон 1879 жылы әлемдегі алғашқы қыздыру шамын патенттеді, ол 14.5 сағат қана жанып тұрған. Тиісінше, бұған дейін мұндай шамдар күнделікті өмірде қолданылмаған.
Таралған фотосурет бұл фактіге қайшы келмейді. Біріншіден, ол жазылып тұрғандай 1843 жылы түсірілмеген. Суреттерді кері іздеуге арналған құралдардың көмегімен біз оның бастапқы дереккөзін анықтадық. Шындығында, суретті XIX ғасырдың соңында фотограф Максим Дмитриев түсірген.
Дмитриев 1858 жылы дүниеге келген, ал Нижний Новгородқа 1877 жылы ғана көшіп барған, ол онда фотосуретпен кәсіби түрде айналыса бастады. Яғни, фотоның 1877 жылдан кейін түсірілгені анық.
Патшалық Ресейде ол кезде басқа елдердегідей көшелер мен үй-жайларды жарықтандыру үшін газ кеңінен қолданылды. Мысалы, Санкт-Петербургтің орталық көшелерінде газ шамдары 1830 жылдары орнатылды. Газ аспалы және қабырға шамдары базарларда және антиквариат әуесқойларының коллекцияларында әлі де бар. Талқыланып отырған фотосуретте бейнеленген шам сияқты ақ шыныдан жасалған үлгілер де бар.
Яғни, фотосуреттегі шам электрмен емес, газбен жұмыс істеген. Демек, таралған ақпарат оқырмандарды шатастырады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button