Дәлелcіз: «Планета халқы 800 миллионға дейін азаяды»
Әлеуметтік желілерде әртүрлі елдердің үкіметтерінің халықты 800 миллион адамға дейін қысқартудың құпия жоспары бар екендігі туралы ақпарат тарады. Бұл жалған.
Видеодағы адам – белгілі конспиролог Джозеф Спенсер, ол Орталық барлау басқармасының «Қара киімдегі адамдар» құпия бөлімінде жұмыс істеп, Жерге қонған өзгеғаламшарлықтарды бақылағанын айтады. Бұл ұйым да, өзгеғаламшарлықтардың арамызда тұратыны да ойдан шығарылған.
Спенсердің теориялары да, оның «Қара киімдегі адамдар» туралы мәлімдемелері де оның қиялының жемісі және үнемі айтылатын конспирологиялық идеяларға негізделген.
Олардың объективті шындыққа ешқандай қатысы жоқ. Мысалы, оның 1994 жылы Каирдегі саммит кезінде елдердің үкіметтері халықтың 95%-ын жою туралы шартқа қол қойды деген сөзі өтірік. 1994 жылы Каирде БҰҰ саммиті өтті, оның қорытындысы бойынша халық және даму туралы декларацияға қол қойылды. Құжаттың толық мәтінін Желіден оңай табуға және онда халықтың 95%-ын қысқарту қысқарту туралы жазылмағанына көз жеткізуіңізге болады.
Спенсердің айтуынша, Жер халқын азайту бағдарламалары 1994 жылдан бері, яғни 19 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Алайда, бұл объективті шындыққа қайшы келеді. 1994 жылы Жер халқының саны 5 миллиард 663 миллион адамды құрады. 2023 жылы планетадағы адамдар саны 8 миллиардтан асты. Яғни, халық саны азаймай, екі миллиардтан астам адамға өскен. Демек, 1994 жылы қабылданған халықты азайту жөніндегі бағдарламалар.
Видеода Спенсер 1997 жылы Аризона астанасы Феникстің үстінен бейтаныс ұшатын нысанның көрінгенін айтады. Оның пайымдауынша, сол кезде адамдарда аспанда кез келген проекция жасауға мүмкіндік беретін жасырын Blue beam технологиясын сыналған. Шын мәнінде, 1997 жылы Феникс тұрғындары НЛО деп ойлаған жұмбақ шамдар есімін жасырып қалған ер адамның әрекеті болған. Оқиғадан кейін бірнеше күн өткен соң ол жергілікті телеарнаға қоңырау шалып, аспанға әуе шарларына байлап шамдарды әдейі ұшырғанын айтқан.
Олай болса, Феникс тұрғындары көрген құбылыс құпия немесе жұмбақ емес.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылайтын болсақ, Джозеф Спенсер қиялы өте бай және шешен конспиролог. Оның теориясына сенудің қажеті жоқ, өйткені ол расталмайды және дәлелденген фактілерге қайшы келеді.