Конспирология

Фейк: «Бұрынғы газеттерде қарттарды, ауруларды және ақымақтарды өлтіруге шақырған»

Әлеуметтік желілерде француз экономисі және саясаткер Жак Атталидің дәйексөзі келтірілген газеттің суреті тарады. Ол 65 жастан асқан, ауыратын және интеллекті төмен адамдарды жою керек деген екен. Саясаткер мұны өтірік емдеу немесе қолдан жасалған аурудың көмегімен жасауды ұсынады. Бұл сөздің қаншалықты шын екенін тексерейік.


Жак Аттали айтқан бұл дәйексөз Желіде 2021 жылдың жазында тарады. Оны ағылшын тіліндегі фактчекерлер тексерді.
Олар 65 жастан асқан адамдар туралы Жак Аттали бір рет қана – Мишель Саломонға берген сұхбатында айтқанын анықтады. Кейіннен бұл сөзі «L’avenir de la vie» кітабына енді.
Аттали қарттар мен әлсіздерді өлтіруге шақырмаған және қолдан жасалған аурулар мен қауіпті әрі тиімсіз ем-дом туралы айтпаған.
Бұл туралы Атталидің өзі AFP порталының француз тіліндегі нұсқасына берген жауабында растады.
Сонымен қатар интервьюер әрі кітаптың авторы Мишель Саломон Аттали адамдарды жасына, денсаулығына және интеллекттің деңгейіне қарай жоюға шақырмағанын жеткізді. Жазушы 65 жастан асқан адамдар туралы айта отырып, Жак Аттали 120 жасқа дейін өмір сүруге бола ма және осылай ұзақ өмір сүрген дұрыс па деген сұрақтарға жауап бергенін атап өтті.
Аттали 65 жастан кейін адамның өнімділігі күрт төмендейді және бұл қоғамға өте қымбатқа түседі деп жауап берді. Осы тұрғыдан алғанда, француз экономисінің пікірінше, адам ұзақ қартайып, жиналған көптеген аурулардың салдарынан өлгеннен гөрі кенеттен қайтыс болғаны дұрыс.
Аттали қарттарды өлтірген жөн немесе оларды жаппай жою керек деп айтпаған.
Демек, таралған хабарлама жалған, ал дәйексөзді біреулер ойлап тапқан.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button