Fake News

Фейк: «Фукусима-1 АЭС-тегі апат тектоникалық қарудан болған»

Қазнетте тараған видеода ресейлік ғалым Сергей Салль әлемде тектоникалық және климаттық қару бұрыннан бар және жапон АЭС-і Фукусима-1 апат соның әсерінен болған деп мәлімдейді. Мұның бәрі өтірік, неге екенін түсіндірейік.

Алдымен Сергей Салльдің кім екенін айтып өтейік. Ол техника ғылымдарының кандидаты және доценті. Алайда, бұл регалиялар оған өзгеғаламшарлықтар, Атлантида және кроманьондықтар орыс тілінде сөйлегені және жазғаны туралы толығымен ғылымға қарсы теорияларды көпшілікке таратуға кедергі келтірмейді. Кейбір видеоларында Сергей Салл энергияның сақталу заңы сияқты физиканың негізгі заңдарын жоққа шығарады.
Мұның бәрі Салльдің мәлімдемесіне деген сенімді төмендетеді. Тектоникалық қару туралы мәлімдемемен бірге Салльдің теориялары мүлдем сенімсіз көрінеді. Себебі, тектоникалық қару табиғатта жоқ. Кеңес Одағында оны жасау туралы мәселе көтерілді, бірақ ашық мәліметтерге сүйенсек, мұндай қару жасау әрекеттері жер астында атом бомбаларының жарылуына әкелді.  Бұл жобалардың Салль видеода сипаттаған технологияға ешқандай қатысы жоқ. Оның айтуынша, тектоникалық қару атмосферада қалай болса да тектоникалық плиталардың қозғалысына әсер ете алатын иондалған бұлт жасау принципі бойынша жұмыс істейді.
Пайдаланушылар Сергей Салльдің теорияларымен байланыстыратын HAARP жүйесі тектоникалық та, климаттық та қару емес. HAARP – бұл жоғары жиілікті белсенді авроральды зерттеулерге арналған станция. Оның көмегімен мамандар жер ионосферасының қасиеттері мен жағдайын зерттейді. HAARP зерттеу станциясы ауа райын бақылай алмайды, тектоникалық плиталардың қозғалысына әсер етпейді, табиғи апаттар тудырмайды.
Алайда станция бірнеше рет қастандық теорияларының нысанына айналды. Атап айтқанда, 2014 жылы HAARP Фукусима-1 атом электр станциясындағы апатқа себеп болды деген ой айтылды. Оны The Week порталы жоққа шығарып, әлемнің басқа бөлігінде орналасқан станцияның көмегімен мұндайды жасау мүмкін емес деп жазды.
Жалпы, HAARP – бұл қару деген теориялар дәлелсіз. Зерттеу станциясы жер сілкінісі, дауыл, цунами және басқа да апаттарға себеп болғаны туралы идеяларды қастандық теориясын жақтаушылар кеңінен таратады, бірақ олар өз сөздеріне ешқандай дәлелдер келтірмейді. Тектоникалық қарудың болуы қырғи қабақ соғыстың оқиғаларымен дәлелдеуге тырысатын қастандық теориясы болып табылады. Демек, Фукусима-1 атом электр станциясындағы апат тектоникалық қарудан болды деген пікір – фейк.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button