Жаңалықтар

Фейк: «СІМ қызметкері СOVID-19 қарсы вакцинациядан кейін қайтыс болды»

Қазнетте Сыртқы істер министрлігінің 39 жастағы қызметкері COVID-19-ға қарсы вакцина алғаннан кейінгі екінші күні қайтыс болды деген хабар тарады. Бұл жалған.


Хабарламада Қырғызстан СІМ Консулдық қызмет департаменті директорының орынбасары Бақтияр Шәкіровтің фотосуреті ұсынылған, оның қайтыс болғаны туралы ақпарат 1 сәуірде тараған болатын. Өлімнің ресми себебі әлі айтылған жоқ. Оның Қырғызстанда алғашқы болып COVID-19 қарсы вакцина алғандардың бірі болғаны белгілі. Оған қытайлық «China Biotekshnology go LTD» компаниясының «SinoPfarm» препараты егілген.

Бірақ 2 сәуірде Қырғызстанның Денсаулық сақтау министрлігі Бақтияр Шәкіровтің COVID-19-ға қарсы қандай да бір вакцина алғаны туралы қауесетті жоққа шығарды.
– Вакцинация жоспарына сәйкес, бірінші кезеңде вакцинаны медицина қызметкерлері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, мұғалімдер, оқытушылар және әлеуметтік қызметкерлер алады. Дипломатиялық құрылымдардың қызметкерлері аталған адамдар тобына жатпайды, – деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.
Республикалық сот-медициналық сараптама орталығының сарапшылары Шәкіровтың денесін сырттай тексеру кезінде иық аймағынан вакцинацияның іздерін таппады.
БАҚ-тың хабарлауынша, қайтыс болған СІМ қызметкерінің вакцинацияланғаны туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің экс-баспасөз хатшысы Елена Баялинова өзінің Facebook-тегі парақшасында жазған. Кейін ол Шәкіровтың вакцина алғанын нақты білмейтінін және ал оның вакцинадан көз жұмғаны туралы «Денсаулық сақтау министрлігінің назарын аудару үшін» жаздым деп мәлімдеді.
Айта кетейік, қазіргі кезде Қазақстанда SinoPfarm вакцинасы қолданылып жатқан жоқ. Елімізде азаматтарға ресейлік «Спутник-V» препараты егілуде.
Демек, Бақтияр Шәкіровтің өлімінің COVID-19-ға қарсы вакцинацияға да, Қазақстанға да ешқандай қатысы жоқ.
Баршаңызды тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз! Жаңалықтың шынайылығын біздің порталдың көмегімен тексеруге болады. Өзіңізді қызықтырған ақпаратты t.me/stopfake_kz Telegram-арнасына немесе +7 707 739 5599 WhatsApp нөміріне жіберіңіз.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button