Фейк: «Норвегияда химтрейлдердің салдарынан аспанда ерекше бұлттар пайда болды»
Әлеуметтік желілерді пайдаланушылар судағы мотор майының іздеріне ұқсайтын бұлттарды талқылауда. Хабарлама авторының айтуынша, ерекше атмосфералық құбылыс химтрейлдер салдарынан пайда болған. Бұл жалған.
Седепті құлпырма бұлттарға адамның ешқандай қатысы жоқ. Олар табиғи жағдайда қалыптасқан. Бұл – полярлық стратосфералық бұлттар.
Күн сәулесінің атмосферадағы ең кішкентай мұз кристалдары арқылы сынуынан олар құлпырып тұрады. Түстер палитрасы өте бай – ашыққызғылт,т тіпті қызғылт сарыдан бастап жасыл реңктерге, жұмсақ көкке дейін. Әдетте мұндай бұлттар күн сәулесініңжарықтығынана байқалмайды. Кейде күндіз көрініп тұрады.
Бұл табиғи құбылысты көргендер ол жайлы жиі айтады. 2008 жылдың қаңтарында седепті құлпырма бұлттар Норвегияда күндіз байқалды. 2009 жылдың маусымында бұлттар Антарктидада болды.
Биыл қаңтарда седепті құлпырма бұлттар желтоқсан айының ортасында Исландияда жанартаудың атқылауынан қалыптасқан. Ауа массасының бөлшектері үлкен қашықтыққа таралды. Осының салдарынан таңғажайып бұлттар пайда болды. Көктегі «калейдоскопты» норвегиялықтар ғана емес, Ұлыбритания мен Швеция, тіпті Ленинград облысы Выборг қаласының тұрғындары да көрген.
Демек, седепті құлпырма бұлттар – бұл химиялық заттармен байланысы жоқ табиғи құбылыс. Оның үстіне, химтрейлдердің барекендігінеі нақты дәлелдер жоқ. Бұл ескі қастандық теориясы.