Fake News

Фейк: «АҚШ Ұлттық қауіпсіздік агенттігінің иллюминаттардың құпия қоғамымен байланысы бар»

Қазақстандықтар Telegram мессенджерінде АҚШ Ұлттық қауіпсіздік агенттігінің әлемді жасырын басқаратын қоғам – иллюминаттармен байланысы бар деп жазды. Бұл теорияның дәлелі ретінде іздеу жүйесінде Illuminati сөзін керісінше теріп, оған .com-ды қосып жазса, автоматты түрде NSA сайты ашылатыны келтіріліп отыр. Бұл «дәлелдің» қастандық теориясына неге қатысы жоқ екенін түсіндіріп өтейік.


Пайдаланушылар Itanimilli.com мекен жайын тергенде автоматты түрде АҚШ Ұлттық қауіпсіздік агенттігінің ресми сайты (nsa.gov) ашылатыны рас. Алайда, агенттіктің бұған қатысы жоқ.
2015 жылдың қаңтарында Ѕnорes портал, Itanimilli.com доменнің Юта штатының тұрғыны Джон Фенлиге тиесілі екендігін хабарлаған болатын. Ол оны 2022 жылы сатып алып, іздеу жүйесінде осы мекен жайды терген адам автоматты түрде NSA сайтына өтетіндей етіп өзгерткен. Бірақ Джон Фенлидің ҰҚА-ға еш қатысы жоқ және ол жерде ешқашан жұмыс істемеген. Оның айтуынша, ол мұны әзіл үшін жасаған. Сондай-ақ Фенли қастандық теорияларына сенбейтінін атап өтті.
Иллюминаттар қоғамына келетін болсақ, ол 18 ғасырдың аяғында қызметін тоқтатқан. Қоғамдастықі ағарту және «діни бұғаудан босату» мақсатында құрылған. Қоғам мүшелерінің әлемдік үстемдікке ұмтылғанына ешқандай дәлел жоқ. 
Демек, Ұлттық қауіпсіздік агенттігінің иллюминаттармен байланысы бар екендігі туралы теория – конспирологиялық және дәлелденбеген.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button