Fake News

Фейк: «COVID-19-ға қарсы вакцинацияланған адамдарға тұмауға қарсы екпе алу өте қауіпті»

Қазнет қолданушылары доктор Шон Брукстың бейне хабарламасын таратуда, ол КВИ қарсы вакцинацияланған адамдарға тұмауға қарсы вакцина алуға болмайды, ал COVID-19 қарсы препараттар қауіпті және мезгілсіз қайтыс болуға әкелуі мүмкін деп мәлімдеді. Бұл олай емес.

Доктор Брукстың сөзі Желіде бірнеше күннің ішінде кеңінен тарады. Ролик кейіпкерінің айтуынша, мРНҚ вакциналары қауіпті, бұл ретте оны «әзірлеуші» доктор Роберт Мэлонға сүйенеді. Ол технологияны ойлап тауып, кейіннен оның қауіпті және адамдарда қолдануға болмайтынын мойындаған екен. Шындығында бұл оқиға жалған. Доктор Роберт Мэлон мРНҚ вакциналарын да, олардың әзірлену технологиясын да жасамаған. Бұл технологияның негізін ғалымдар Каталин Карико мен Дрю Вайсман қалаған.
Бұл туралы біз толығырақ жазған болатынбыз.

Манипуляция: «мРНҚ технологиясын әзірлеуші вакциналарды қауіпті деп атады»

Доктор Брукс бұдан әрі COVID-19-ға қарсы вакцинацияланған адамдарға тұмауға қарсы вакцина алуға болмайды деп мәлімдейді. Дәрі-дәрмектің бұл комбинациясы өлімге әкеледі екен. Бұл олай емес.
АҚШ Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының (CDC) ресми сайтында COVID-19 пандемиясы кезінде тұмауға қарсы вакцинация туралы ұсыныстар бар. КВИ қарсы вакцина алғаннан кейін тұмауға қарсы егу қауіпті екендігі туралы ештеңе айтылмаған.
Жетекші дәрігерлер де пандемия кезінде дәрігерге бару мүмкіндігін азайту үшін тұмауға қарсы егілуге кеңес береді.
Тұмауға қарсы вакцина КВИ қарсы иммундауға арналған препаратпен үйлесімділікте өлімге әкелуі мүмкін екендігі туралы ақпарат жоқ.
Мұнымен қоса, доктор Шон Брукс өз сөзінде цитокиндік дауыл туралы да айтқан – бұл КВИ қарсы вакцинациядан кейін пайда болатын және өлімге әкелетін құбылыс. Шын мәнінде, цитокиндік дауыл COVID-19 ауыр түрімен ауырған вакцинацияланбаған адамдарда жиі болады. Вакциналар аурудың ауыр ағымының болу ықтималдығын азайтады, сәйкесінше пациенттерде цитокиндік дауылдың пайда болу мүмкіндігін төмендетеді. Бұл туралы біз бұған дейін жазған болатынбыз.

Фейк: «Вакцинамен бірге иммунитет тапшылығы егіледі»

Сонымен қатар, ол вакциналар иммунитетті 35% төмендетеді деп мәлімдеді. Брукс бұл қорытындыға қалай келгенін айтпайды. Бұл тезисті растайтын ғылыми деректер жоқ.
Шон Брукстың жалған және манипуляциялық мәлімдемелеріне батыстық БАҚ қызығушылық танытып отыр. Доктор Огайо штатында мектеп кеңесінің отырысында вакциналардың зияны туралы сөз сөйлеген екен. Доктор Брукс өзін таныстыра отырып: «Доктор. Шон Брукс, философия докторы, Оксфорд. 48 жарияланымым, оның ішінде 23 кітабым бар. Мен медицина, анатомия және физиологияны 21 жылға жуық уақыт бойы зерттеп келемін» деген.
«Оксфорд» сөзін естігенде, адамдардың көбі аңызға айналған және әлемдегі ең үздік университеттердің бірі туралы ойлайды. Ол Англияда орналасқан және Барқыт лигасы университеттерінің қатарына кіреді. Алайда, Шон Брукстың сол жерден ғылыми дәреже алғанына ешқандай дәлел жоқ. 
Бірақ доктор сарапшы ретінде қызмет еткен Bitchute.com порталындағы бейнелердің бірінің сипаттамасында Шон Брукс Огайо штаты, Оксфордта орналасқан Огайодағы Майами университетінде бакалавр дәрежесін алғаны айтылған. Оның Англиядағы Оксфорд университетіне ешқандай қатысы жоқ және «Барқыт лигасына» кірмейді.
Сонымен қатар, Шон Брукстің Интернетте сатылатын авторлық кітаптары медицинаға емес, АҚШ-тағы педагогика және білім беру жүйесіне арналған.
Доктор Шон Брукс Quite Frankly подкастында да қонақ ретінде сөз сөйлеген. Сипаттамада Брукстың «кәсіби мансабын білім беру саласында өткізгенін» және шоу кезінде жүргізуші қонақтың орта және жоғары мектепте сабақ бергенін және Огайода Майами университетінің бұрынғы адъюнкт-профессоры болғанын хабарлайды. 
Қорыта айтқанда, Шон Брукстың медицинаға, фармакологияға, вирусологияға және шектес пәндерге қатысы жоқ. Ол педагогика саласында докторлық дәрежеге ие, сондықтан өзін «доктор» деп атай алады.
Демек, доктор Шон Брукс медицина саласының маманы емес. Оның тұжырымдары теріске шығарылған қастандық теорияларына және өз қателіктеріне негізделген. COVID-19 қарсы вакциналар тиімді және қауіпсіз. КВИ қарсы вакцинаны алғаннан кейін тұмауға қарсы егілу қауіпті емес, бұл CDC және жетекші дәрігерлердің ұсыныстарымен расталады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button