Fake News

Дәлелсіз: «Перуде ивермектинді рұқсат еткен соң өлім-жітім 14 есе азайды»

Қазнет қолданушылары Перуде COVID-19 емдеу үшін ивермектин жаппай қолданыла бастады, нәтижесінде елдегі өлім-жітім деңгейі 14 есе төмендеген деп жазуда. Бұл ретте жарияланым авторы бұл препаратқа «ірі фарммен тыйым салынғанын» айтады. Бұл теорияны талдап, оның неге ол дұрыс емес екенін айтайық.


Ивермектин – бұл ветеринарияда жиі қолданылатын антипаразиттік дәрі.
Ірі фармкомпаниялар оны қолдануға тыйым салды дегенақпарат жалған. Біріншіден, дәрі-дәрмек өндірушілер қандай да бір препаратты қолдануға тыйым салуға немесе рұқсат етуге құқылы емес. Мұны арнайы мемлекеттік реттеушілер жасайды. Екіншіден, ивермектинге көптеген елдерде рұқсат етілген және оны паразиттер қоздырғышы болып табылатын аурулардан зардап шеккен адамдарға тағайындайды. 
Перуде ивермектиннің арқасында өлім-жітім 14 есе азайды деген ақпарат дәлелсіз. Бұл ақпараттың дереккөзі – рецензияланбаған жалғыз зерттеу, яғни ондағы тұжырымдар ғылыми қауымдастықпен тексерілмеген және расталмаған.
Бұл зерттеудің авторы Хуан Чами мамандығы бойынша деректер талдаушысы. Оның медицина саласында арнайы білімі жоқ және дәрілік заттардың тиімділігін бағалау мәселелерінде білікті емес.
Бүгінгі таңда ғалымдар ивермектиннің COVID-19-бен күрестегі тиімділігін бағалау үшін бірнеше сынақ өткізді. Алайда, нәтижелер көрсеткендей, бұл препаратты қолдану аурудың ағымына айтарлықтай әсер етпейді, ауру белгілерін жеңілдетпейді және дертті емдей алмайды.
Осыны ескере отырып, ДДҰ клиникалық зерттеулерден тыс COVID-19 емдеуде ивермектинді қолдануды ұсынбайды. 
Ивермектиннің COVID-19-ға қарсы күрестегі пайдасы туралы қастандық теорияларын жақтаушылар көп айтады. Бұған дейін біз Жапонияның ивермектинді таңдап, вакцинациядан бас тартқаны, Үнді штаттарының бірінде осы дәрмектің арқасында COVID-19-дың толығымен жойылғаны және оның Sars-CoV-2 вирусының кез келген нұсқасын емдей алатыны туралы фейктерді жоққа шығарған болатынбыз.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button