Fake News

Фейк: «Симптомсыз вирус тасымалдаушылар бомлайды»

Қазақстандықтар Telegram мессенджерінде вирусты симптомсыз тасымалдаушылар болмайтыны туралы хабарлама таратуда. Пайдаланушылар мұны сүйектердің сынуымен салыстырады, ол симптомсыз болмайды, сондай-ақ, олардың пікірінше, «симптомсыз тасымалдаушы» термині адамдарды басқаруға және оларды ережелерді сақтауға көндіру үшін ғана ойлап табылған. Бұл жалған.


«Симптомсыз тасымалдаушы» ұғымы COVID-19 пандемиясы басталмай тұрып пайда болған. Тарихтағы ең танымал симптомсыз тасымалдаушы – Мэри Маллон немесе Тифоздық Мэри. Оның клиникалық сау инфекция тасымалдаушысы екендігі 1909 жылы анықталды. Аспазшы болып жұмыс істеп жүргенде ол кемінде 53 адамға ауруын жұқтырған, олардың үшеуі қайтыс болды. Мэри Маллонның өзі ауру тасымалдаушы екендігін мойындаудан бас тартты. Ол екі рет мәжбүрлі карантинге жабылады, ал соңғысында өмір бойына оқшауланды. Мэридің анасы жүкті болғанда іш сүзегімен ауырғаны белгілі, сондықтан Мэри Маллонның індетті жұқтырып туылуы мүмкін.
Медицинада мерез, туберкулез, Эпштейн вирусының және цитомегаловирустың симптомсыз ағымы сипатталған жағдайлар бар.
COVID-19 да симптомсыз болуы мүмкін. Бұл ретте симптомсыз тасымалдаушылар деп ауру белгілері мүлдем жоқ адамдарды айтады. Сонымен қатар, адам індетті жұқтырған, бірақ аурудың белгілері әлі білінбеген инфекция жұқтыру кезеңі симптомға дейінгі деп аталады.
Бұдан бөлек, симптомсыз тасымалдаушылар да, ауру белгілері әлі байқалмаған адамдар да инфекция тасымалдаушы болуы мүмкін.
Індетті симптомсыз тасымалдаушылардан жұқтырудың алғашқы жағдайларының бірі Сингапурда орын алған – вирус жұқтырған ерлі-зайыптылар өздерінің ауру екендіктерін білмей, шіркеуге ғибадат етуге барған.
Қорыта айтқанда, симптомсыз инфекция тасымалдаушылардың тек COVID-19 ғана қатысты емес, басқа да аурулар кезінде де болатыны ғылыммен дәлелденген және мойындалған.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button