Fake News

Фейк: «Испанияда зоофилия заңдастырылды»

Танымал Telegram арналарда Испанияда зоофилияның заңдастырылғаны туралы ақпарат тарады. Бұдан былай, жануарға жарақат келтірілмесе, бұған ресми түрде рұқсат етіледі екен. Бұл шындыққа сәйкес келмейді.


ЕО елдерінің бірінде зоофилияны заңдастыру туралы хабарламалар Желіде бұл туралы Польшаның Әділет министрі мәлім еткеннен кейін тарады. Ол өзінің Twitter-дегі аккаунтында «Солшыл көзқарастар – ХХІ ғасырдағы оба» деп жазып, мысал ретінде солшыл саясаткерлер «зоофилияны заңдастырған» Испанияны келтірді.
Бұл сөз Қылмыстық кодекске енгізілген жануарларға қатыгездік танытқаны үшін жазалау бойынша түзетулерге қатысты. Әзірге олар мақұлданған жоқ, әлі қаралуда. Испаниялықтар бұл түзетулерді түсініксіз және жануарларды қорғамайды деп санаса да, оларда зоофилия туралы айтылмайды. Түзетулерде мұндай сөз жоқ.
Бапқа өзгерістер енгізу ұсынылып отыр. Қазір жануарларды «жыныстық қанағаны» үшін жаза қолданылады. Енді ол «кез келген тәсілмен, соның ішінде жыныстық актілермен, үй жануарларына, қолға үйретілген немесе уақытша ұстайтын жануарларға денсаулығын қалпына келтіру үшін емдеуді қажет ететін жарақат келтіргендер» жазаланатындай етіп өзгертілмек.
Кейбіреулердің пікірінше, бұл тұжырым жануарға зорлық-зомбылық көрсеткен, бірақ жарақат келтірмегендердің жазаланбауына жол береді, себебі олардың бар екендігін сотта дәлелдеу мүмкін болмайды. 
Алайда, Испанияның әлеуметтік құқықтар министрі Ионе Беллара кеңсесінің өкілдері түсіндіргендей, бұл интерпретация дұрыс емес.
Ведомство өкілдерінің айтуынша, «жыныстық қанау» деген тұжырым кіріс немесе басқа пайда табу үшін қанау ретінде түсіндірілуі мүмкін. Ал ұсынылған өзгерістер бұл пікірді кеңейте түседі.
«Енді жыныстық қанаудың орнына жануарлармен жыныстық қатынастың барлығы қылмысқа жатқызылады. Дене жарақатын келтірген жағдайда, олар қылмыс болып саналады; қалған жеңілірек жағдайларда – жануарларға қатыгездік таныту ретінде жіктеледі», – деп хабарлады Министр кеңсесінің өкілдері.
Қорыта айтқанда, Испанияда зоофилия заңдастырылмаған, ал бұл туралы хабарламалар саясаткерлердің өз қарсыластарын жаманатты қылу әрекеті болып табылады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button