Fake News

Манипуляция: «Ивермектинді қолданғаннан кейін үнді штаты COVID -19 жоқ жер деп жарияланды»

Әлеуметтік желі қолданушылары Үндістанның Уттар-Прадеш штатында антипаразиттік ивермектин препаратын қолданғаннан кейін коронавирустық инфекция жұқтырудың жаңа жағдайлары тіркелген жоқ деген хабарламамен бөлісуде. Іс жүзінде эпиджағдайдың жақсаруы препаратты қолданумен байланысты емес.


2021 жылғы 10 қыркүйекте Үндістанның Уттар-Прадеш штатының билігі тәулік ішінде 33 округта COVID -19 жұқтырудың жаңа жағдайлары тіркелмегенін хабарлады. Ақпарат БАҚ-та жарияланды.
Эпиджағдайдың қалпына келуі жаппай вакцинациямен байланысты. Уттар-Прадеште 8,47 миллионнан астам адам коронавирусқа қарсы егілді.
Ивермектин – бұл антипаразиттік дәрі. Көбінесе ол ветеринарияда экто-және эндопаразиттерден құтылу үшін қолданылады.
Препарат Үндістанда COVID -19 емдеуде қолданылады, ол ауру ағымы жеңіл кейбір науқастарға тағайындалады. Алайда препараттың жаңа коронавирусқа қарсы тиімділігі дәлелденбеген. Қазіргі уақытта дәрі клиникалық сынақтарда COVID-19 емдеу үшін қолданылуда. Ивермектиннің сынақтары туралы біз бұған дейін жазған болатынбыз.

Дәлелсіз: «Ивермектин – бұл вирустың барлық түрлерінде көмектесетін COVID-19 дәрі»

ДДСҰ клиникалық сынақтарға қатыспайтын кез келген ауырлық дәрежесіндегі COVID-19 бар пациенттерге ивермектинді қабылдамауға кеңес береді.
Түрлі елдердің сарапшылары, сондай-ақ Азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасын қадағалау басқармасының (FDA) мамандары КВИ емдеу және алдын алу мақсатында осы препаратты қолдануға қарсы.

Демек, Уттар-Прадеште короновирустық инфекция жұқтыру жағдайларының азаюын ивермектинді қолданумен байланыстыруға негіз жоқ, оны қолдануға сарапшылар қарсы.
Айта кетейік, бұл үнді штатында аурушаңдықтың біршама өсуі әлі де тіркелуде. 22 қыркүйекте инфекция жұқтырған 15 адам анықталды. Сондай-ақ, штат вакцинациялау қарқыны бойынша көш бастады. Оның округтарында вакцина алған адамдар саны 97,6 млн жетті, оның 17,6-сы толығымен егілді.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button