Фейк: «Бразилияда жаппай аштыққа дайындық жүргізілуде»
Танымал қазақстандық Telegram-чаттардың қатысушылары Бразилияда жаппай ашаршылыққа дайындыққа кіріскендері туралы жазуда. Ол үшін үкіметтің бұйрығымен Рио-Де-Жанейрода ең ірі азық-түлік қоймасы өртелген. Мұның бәрі өтірік.
Хабарламаға 31 қазанда Риода азық-түлік тарату орталығында болған өрттің видеосы тіркелген. Алайда, орталық аумағында азық-түлік қоймалары ғана емес, сонымен қатар азық-түлік емес дүкендер де болған.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, өрт бір реттік тауарлар бөлімінде басталған. Содан кейін лотерея билеттерін сататын дүкенге, сусындар қоймасына және азық-түлік дүкеніне тараған. Өрт сөндірушілер тілсіз жауды салыстырмалы түрде қысқа мерзімде ауыздықтады. Бұл оқиға Рио-де-Жанерейроны азық-түлікпен қамтамасыз етуге әсер еткен жоқ.
Мұның бәрі болған оқиға жасырын әлемдік қастандықтың нәтижесі емес, жағымсыз болса да, жай оқиға екенін көрсетеді. Бұл әлемді аштыққа әкелмейді.
Кейбір әлемдік басшылар жаһандық ауқымда қолдан аштық ұйымдастыруды жоспарлап отыр деген теориялар конспирологиялық. Оған ешқандай дәлел жоқ, ал әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары мұндай идеяның ойдан шығарылғаны туралы бірнеше рет жазған болатын.
Демек, Қазнетте таралған ақпарат – өтірік және конспирология. Видеода азық-түлік қоймасының аумағындағы төрт контейнерге таралған өрт көрсетілген. Мұндай жағдай аштық тудыра алмайды.