Fake News

Фейк: «Тіс пастасындағы фтор – бұл миға зиян келтіретін өндіріс қалдықтары»

Қазақстандықтар Telegram-да тіс пастасындағы фтор – бұл оны кәдеге жаратуға ақшаны үнемдеу үшін қосатын өндіріс қалдығы деп жазуда. Пайдаланушылардың пікірінше, бұл зат мидағы томпақ днеге зиян келтіреді. Бұл олай емес.


Әр түрлі фирмалардың тіс пасталарының көбінде фтор болатыны құпия емес. Алайда, оны конспирологияны жақтаушылар жазғандай, кәдеге жаратылатын өндіріс қалдығы болғандықтан қоспайды.
Фтор – бұл күндіз пайда болатын тіс өңезін кетіруге және тіс жегінің алдын алуға арналған ең тиімді құралдардың бірі. Мұны тіс пастасын өндірушілер немесе аффилирленген компаниялар емес, ғалымдар растайды. 
Фтор – бұл табиғи элемент, ол тіс пастасында ғана емес, бірқатар басқа өнімдерде де кездеседі. Мысалы, скумбрия, минтай, треска, грек жаңғағы фторға бай. Сондай-ақ фтор тауық жұмыртқасында, арпа, сұлы, қарақұмық және басқа да жармаларда болады.
Фтордың азық-түлік пен тіс пасталарында болатын мөлшерімен улану мүмкін емес. Тіс пастасындағы фтормен улану үшін оны көп жеу керек – адам салмағының әр килограмына 3-5 граммнан. Яғни, салмағы 50 келі болатын адам бір уақытта шамамен бір стақан тіс пастасын жұтып қоюы керек, яғни 150-250 грамм. Бұл ретте ересек адам үшін тәулігіне фтордың ең жоғары қауіпсіз мөлшері -10 мг құрайды. 
Ғалымдар фтордың ағзаға әсері бойынша бірнеше зерттеу жүргізді, бірақ оны қалыпты шегінде қолданған жағдайда, оның зиянды әсерлері жоқ.
Фтордың томпақ денеге әсері де зерттелді. Сарапшылар бұл орган фтор мен кальций жинайды, бірақ бұған тіс пастасының ешқандай қатысы жоқ деген қорытындыға келді. Айта кетейік, құстардың, егеуқұйрықтардың және басқа да жануарлардың дөңгелк бездерінде фтор жоғары мөлшерде анықталған, ал олар тіс пастасын пайдаланбайды.
Демек, фтор – бұл адамдарды улайтын өндірістік қалдық деген пікір қате.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button