Денсаулық сақтау министрлігі QazVac жүкті болуға ықпал етеді деген хабарламаны жоққа шығарды
Instagram-да COVID-19 қарсы отандық QazVac вакцинасын салдырғаннан кейін жүкті болған әйелдер туралы хабарлама жарияланды. Алайда Денсаулық сақтау министрлігі препараттың репродуктивті денсаулықпен байланысы туралы болжамдарды жоққа шығарды.
QazVac препаратымен жаппай вакцинациялау бір айдан аз уақыт бұрын басталғанына қарамастан, бірнеше адам күтпеген «жанама әсері» туралы мәлімдеп үлгерді. Оны әлеуметтік желідегі посттан оқуға болады. Айтуларынша, екпе алғаннан кейін олар бірден бала көтерген. Оның үстіне, көп жылдар бойы балалы бола алмай жүрген әйелдер жүкті болған. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі COVID-19-ға қарсы препарат мұндай қасиеттерге ие емес деп мәлімдеді.
– Вакцинация жүктілікке әкелмейді. Бұл кездейсоқ сәйкестік, – деп хабарлады ведомстводан.
Бұған дейін қазақстандықтар вакциналардың ұрпақ жалғастыру қабілетіне әсері туралы әлдеқайда алаңдатарлық хабарламалар таратқан болатын. Кейбір пайдаланушылар КВИ қарсы препараттар бедеулікке әкелуі мүмкін деп жазды. Мұның бәрі біз бұрын жоққа шығарған фейктер.
Баршаңызды тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз! Жаңалықтың шынайылығын біздің порталдың көмегімен тексеруге болады. Өзіңізді қызықтырған ақпаратты t.me/stopfake_kz Telegram-арнасына немесе +7 707 739 5599 WhatsApp нөміріне жіберіңіз.