Fake News

Манипуляция: «Желіде атмосферада нанобөлшектер шашуға берілген патент табылды»

Әлеуметтік желілерді пайдаланушылар Жер атмосферасында нанобөлшектер шашуға берілген патенттің фотосуретімен бөлісуде. Кейбіреулер бұл құжат химтрейлдер теориясын – аспаннан улы химикаттар тастау теориясын толығымен дәлелдейді деп санайды. Бұл олай емес.


Шын мәнінде, бұл патент ғаламдық жылынуды тежеу үшін шағылысатын бөлшектерді атмосфераның жоғарғы қабаттарына шығаруға арналған. Құжатта парниктік газдарды бөлу және олардан құтылу механизмі, сондай-ақ жаһандық жылынумен тиімді күресуге көмектесетін бизнес-модель сипатталған.
Бұл патент 2010 жылы берілген, ал 2012 жылы оның күші жойылған. Демек, құжат фотосуретінің Желіде болуы жобаның дамытылып, шынайы өмірде қолданылып жатқандығының белгісі емес.
Стратосфераға шағылысатын бөлшектерді ұшыру идеясын бірнеше ғалым ұсынған. Алайда, әлемдік ғылыми қауымдастық оның барлық артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалай отырып, мұндай әрекеттердің салдары жаһандық жылынудан гөрі ауыр болуы мүмкін деген қорытындыға келді. Сондықтан жоба іске асырылған жоқ.

Бұл патенттің де, шағылысатын бөлшектерді атмосфераға шығару идеясының да химтрейлдер туралы конспирологиялық теориямен да ортақ белгілері жоқ. Ғалымдар белгілі бір бөлшектердің іске қосылуы күн сәулесінің бір бөлігін шағылыстыра алады және жер бетінің шамадан тыс қызуына жол бермейді деген гипотезалар ұшақтардың елді мекендердің үстінен ұшып, у шашатындығын дәлелдемейді.
Біх химтрайлдер теориясы мүлдем дәлелденбеген және қисынсыз екендігі туралы егжей-тегжейлі жазған болатынбыз.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button