Фейк: «Ұшақтар сананы өзгертетін заттар шашады»
Telegram мессенджерінде қазақстандықтар ұшақтар аспанда шашатын «химикаттардан қалатын іздер», химтрейлдер теориясын тағы да талқылауда. Пайдаланушылар айтуынша, бұл заттар адамдардың көңіл-күйі мен санасын өзгерте алады деп жазуда. Бұл туралы өзін осы технологияны жасаушы ретінде таныстырған адам айтқан екен. Бұл фейк.
Желіде өзін «химтрейлдерді» жасаушымын деп таныстырған адам туралы бұған дейін жазған болатынбыз. Біз мақалада бұл «мәлімдемеге» мән бермеу керектігін және бұл ақпарат қастандық теориясын жақтаушылардың форумында айтылғанын атап өттік. Пост авторы өз сөзіне ешқандай дәлел келтірген жоқ.
Аспаннан қала тұрғындарының санасы мен көңіл-күйіне әсер ететін химиялық заттар шашты деген теория мүлдем негізсіз. Адамдардың көңіл-күйін серотонин, окситоцин, допамин, адреналин және т.б. гормондармен бақыланады. Яғни, адамның көңіл-күйін өзгертіп, оның бойында қорқыныш, эйфория немесе тыныштық сезімін ояту үшін осы гормондар шығаратын эндокриндік бездердің жұмысына әсер ету қажет.
Бұл көптеген химиялық заттардың, соның ішінде көбінесе есірткінің әсерінен болуы ықтимал.
Есірткі қабылдайтын адамдар сананың өзгерген күйінен басқа да жағымсыз әсерге ұшырайды. Оның ішінде, тәуелділік пайда болатыны анық. Нәтижесінде, есірткіні ұзақ уақыт қабылдамаған жағдайда «бас тарту синдромы» болады. Сондай-ақ, тыйым салынған заттарды қолдану тамақтану тәртібіне айтарлықтай септігін тигізеді. Көбінесе есірткі қабылдайтын адамдар тамақтанудан бас тартады және көп салмақ жоғалтады. Дәрі-дәрмек шашатын ұшақтар қалалар мен ауылдардың үстінен жиі ұшады ұшады, бұл ретте ешкімде бас тарту синдромы болмайтынын елестету қиын. Бұған ешқандай дәлел жоқ. Сонымен қатар, адамдар қан мен зәрдегі есірткі заттарын анықтау үшін ұдайы тест тапсырады. Мысалы, мұндай тест жүргізуші куәлігін алғандарға, әскерге шақырылушыларға және басқа да әлеуметтік топ өкілдеріне қажет. (
Ұшақтардан белгілі бір заттарды шашу туралы теория 1997 жылы шықты. Оған сәйкес, ұшақтардың конденсациялық іздері, шын мәнінде улы химикаттар мен белгісіз заттардан қалыптасқан бұлттар. Бастапқыда теорияны жақтаушылар бұл заттар күнді жауып, жерді жаһандық жылынудан қорғау үшін қажет деп санаған. Кейіннен теория өзгеріске ұшырап, оған сенетіндер планета халқының басым бөлігін жою үшін қажетті у шашады деп айта бастады.
Теория қалыптасқалы 24 жылда ешқандай растауы табылмады. Бірақ химтрейлдердің барын жоққа шығаратын рецензияланған ғылыми зерттеулер бар.
Демек, аспаннан адамдарға көңіл-күй мен санамызды басқара алатын заттар шашады деген теория фейк. Ол бұрын жоққа шығарылған қастандық теориясына негізделген және ғылыми фактілерге қайшы келеді.