Фейк: «КВИ қарсы вакцинация – салдары ауыр тәжірибе»
Telegram мессенджерінде қазақстандықтар вакцинаға қарсы танымал адам және Германиядағы covid-диссиденттігінің басты идеологтарының бірі Бодо Шиффманның мәлімдемесін таратуда. Таратылған дәйексөзде COVID-19 қарсы вакцинация фертильділікпен проблемалар тудырып, өлімге әкелуі ықтимал тәжірибе екендігі айтылған. Бұл олай емес, неге екенін түсіндіріп өтейік.
Алдымен Бодо Шиффман Германияда COVID-19 туралы жалған ақпарат тарататын басты тұлғалардың бірі екенін атап өткеніміз жөн. Оның тұжырымдары мен идеяларын мамандар бірнеше рет жоққа шығарып, жалған деп тапқан.
Бүгінде Қазнетте таралған дәйексөз де жалған. COVID-19 қарсы вакцинация тәжірибе болып табылады деген алғашқы тезис өтірік. Біз оны жоққа шығарған болатынбыз. Reuters басылымы өткен жылы сәуір айында бұл идеяны теріске шығарды.
Келесі мәлімдеме КВИ-ге қарсы вакцинация нәтижесінде қайтыс болған және ауыр дертке шалдыққан спортшыларға қатысты. Бұл мүлдем негізсіз. Ввакцинацияға қарсы адамдар мұндай спортшылардың тізімін кеңінен таратуда және жалған ақпараттан, манипуляциядан тұрады және ондағы фактілер бұрмаланған. Factcheck.org басылымның фаткчекерлері бұл туралы егжей-тегжейлі жазған. Біз де осындай қауесеттерді жоққа шығардық.
Бұдан әрі хабарламада КВИ қарсы жаппай вакцинация Нюрнберг кодексін бұзатыны жайлы айтылған. Шын мәнінде, бұл олай емес. Медициналық қылмыстар туралы іс бойынша Нюрнберг процесінде вакцинация болған жоқ.
Барлық сотталушылар қылмыс жасау бойынша қастандыққа, атап айтқанда, әскери қылмыстарға, соның ішінде концлагерьлерде тұтқындарға мәжбүрлі медициналық тәжірибелер жүргізуге; адамзатқа қарсы қылмыстарға, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарды жою бағдарламасын жүзеге асыруға қатысқаны және СС, Schutzstaffel, «күзет отрядтары», Ұлттық социалистік неміс жұмысшы партиясының әскерилендірілген құрамалары сияқты қылмыстық ұйымдарға мүше болғаны үшін айыпталды.
Одан әрі автор вакциналардың кейбір партиялары улы, ал кейбіреулері қауіпсіз деп жазады. Бұл ақпарат та фейк болып табылады.
Фейк: «КВИ қарсы уытты вакциналар партияларында арнайы белгілер бар»
Келесі тұжырым КВИ вакциналары фертильділікпен проблемалар тудырады және түсік тастауға әкелуі мүмкін деген теорияға қатысты. Ғылыми зерттеулер бұл тезисті жоққа шығарады. Ғалымдар жүкті әйелдерге жүргізген вакциналарды сынау дәрі-дәрмектің толығымен қауіпсіз екенін және ұрықтың дамуына зиянды әсер етпейтінін көрсетті.
Осылайша, Бодо Шиффманның Қазнетте қазір таралып жатқан хабарламаларының бірде-бірі шындыққа жанаспайды. КВИ қарсы вакциналар қауіпсіз, тиімді, фертильділікпен проблемалар тудырмайды. Сондай-ақ, спортшылардың өліміне және ауыр дертке шалдығуына себеп болмайды.