Fake News

Фейк: «Желіде ұшақтар шашатын омикрон штаммы бар химикаттың суреті жарияланды»

Мессенджерлерде SARS-CoV-2 вирусының омикрон нұсқасын ұшақтардан әдейі шашатынын дәлелдейтін фотосурет таратылуда. Хабарламаға Omicron жазуы бар қаптардың суреті тіркелген. Ол Чехияда әуежайлардың бірінің ерекше қорғалатын қоймасында түсірілген екен. Мұның барлығы фейк.


Бұл фотосуреттің COVID-19 пандемиясына, SARS-CoV-2 коронавирусына және оның нұсқаларына ешқандай қатысы жоқ. Суретте көрсетілген қаптардағы зат – италиялық Omicron компаниясы шығаратын полипропилен қоспасы.
Кәсіпорын өнеркәсіпте қолданылатын полипропилен және полиамид қоспаларын шығарады. Атап айтқанда, олар пластикалық құбырлар, тұрмыстық бұйымдар, жиһаз, кеңсе жабдықтары және т.б. заттар өндірісінде қолданылады. Компания медициналық бұйымдар мен дәрі-дәрмектер шығармайды.
Omicron компаниясы нарықта 45 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келеді және оның COVID-19 пандемиясына ешқандай қатысы жоқ.
Адамдарды улау үшін ұшақтар түрлі химикаттар шашатыны туралы теория химтрейлдер теориясы деп аталады және конспирологиялық болып табылады. Бұл туралы біз жазған болатынбыз. 
Мүлдем дәлелденбегеніне қарамастан, ол 2021 жылы қазақстандықтар арасында ең көп тараған конспирологиялық теориялардың бірі болып табылады.

2021 жылы танымал болған қастандық теориялары

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button