Fake News

Фейк: «Екі рет вакцина салу ауру жұқтыру мүмкіндігін 27 есе арттырады»

Желі қолданушылары COVID-19 қарсы вакцинаның екі дозасымен егілген адамдар бұл ауруды бірде-бір вакцина алмағандарға қарағанда ауруды 27 есе жиі жұқтыратынын дәлелдейтін зерттеу туралы жазуда. Бұл жалған.

Талқыланып отырған постқа америкалық дәрігер Райан Коулдың вакцинацияланған адамдардың осалдығы дәлелдеген израильдік зерттеу туралы айтқан видеосы тіркелген.

Бірақ Райан Коулдың пандемия мен вакциналарға қатысты сөздеріне сенуге болмайды. Ол жалған ақпарат таратушы және Вашингтондағы медициналық кеңес тарапынан тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Атап айтқанда, доктор Коул COVID-19 қарсы вакциналар қатерлі ісік ауруын тудырады және вакцинацияланған адамдар арасында жақын арада  онкологиялық індет басталады деп мәлімддеген. 

Зерттеуге келетін болсақ, оның атауы, жарияланған жылы көрсетілмегендіктен, оны табу қиын.

Ағылшын тілді екпеге қарсы тұлғалар 2022 жылдың 5 сәуірінде жарияланған израильдік ғалымдардың мақаласына сүйене отырып, вакцинацияланған адамдар ауруды жиі жұқтырады деген теорияларды таратқаны белгілі. Онда зерттеушілер екі рет егілген, вакцинаның бір дозасын алғандар, мүлде алмағандар, бірақ бұрын ауырған адамдар және ауырып, кейін бір дозасымен егілгендер арасында COVID-19 жұқтыру жиілігін салыстырған.

Авторлар 124 500 адамның медициналық жазбаларын талдады. Олар бұрын ауырғандарда мүлде ауырмаған, бірақ вакцинаның екі дозасын алғандарға қарағанда ауруды қайта жұқтыру ықтималдығы аз деген қорытындыға келді. Сонымен қатар аурудан жазылып, егілмеген адамдар ауырғаннан кейін вакцина алғандарға қарағанда ауруды жиі жұқтырған.

Ғылыми мақалада вакцинация ауру жұқтыру ықтималдығын арттырады, оның ішінде 27 есеге деп жазылмаған. Зерттеуде бұрын ауырмаған және вакцинацияланбаған адамдардың ауру жұқтыру жиілігі мүлдем бағаланбаған.

Демек, таралған ақпарат фейк болып табылады. Вакцинацияланған адамдар COVID-19 қарсы екпе салдырмағандарға қарағанда 27 есе жиі ауыратынына ешқандай дәлел жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button