Манипуляция: «Нигерия бір миллионнан астам вакцина дозасын жойды»
Қазақстандықтар Telegram мессенджерінде Нигерия билігі COVID-19 қарсы вакциналардың бір миллионнан астам дозасын жойғаны туралы ақпарат таратуда. Пайдаланушылардың айтуынша, осыған қарағанда ДДСҰ-ның үшінші әлем елдеріне дәрі-дәрмекті қайырымдылық негізде жеткізу туралы үндеулері жалған сияқты. Бұл олай емес. Неге екенін айтып өтейік.
22 желтоқсанда Нигерияда AstraZeneca вакцинасының 1,066,214 дозасы жойылды. Ел билігі бұл шешімді 7 желтоқсанда дәрі-дәрмектің жарамдылық мерзімі аяқталуына байланысты қабылдады. Демек, мерзімі өткен вакциналарды жою арқылы олар өз азаматтарына елде жарамсыз вакциналар қалмағанын жеткізді.
Сонымен қатар, ел билігі бұдан былай сақтау мерзімі қысқа вакциналарды алмайтындарын айтты. Алайда, бұл елдегі вакцинация науқаны тоқтатылды және вакциналар жеткізілмейді дегеннің белгісі емес. Керісінше, Африка Одағы 2021 жылғы қазан айында Moderna вакцинасының 110 миллион дозасын сатып алғаны туралы мәлімдеді. Бұл ретте 15 млн доза құрлыққа осы жылдың соңында, 35 млн доза – 2022 жылғы бірінші тоқсанда, ал қалған бөлігі – келесі жылдың екінші тоқсанында әкелінуі тиіс.
Сондай-ақ, ДДСҰ вакциналарды әлемде тең үлестіруді қолдайтынын атап өткеніміз жөн. Бұл туралы ұйым басшысы Тедрос Гебрейесуюс биылғы жылдың соңғы баспасөз брифингінде хабарлады.
Демек, Нигерияда вакциналарды жою туралы ақпарат манипуляция болып табылады. Препараттар елде вакцинация науқаны тоқтатылғандықтан емес, жарамдылық мерзімінің аяқталуына байланысты жойылды.