Кибер-алаяқтар қазақстандықтарды «өмір жәрдемақысын» төлейміз деп алдауда
Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде «өмір жәрдемақысын» алуға өтініш беруге үндеу таратылуда. Ол үшін пайдаланушылар қорғалмаған сілтеме бойынша өтіп, сауалнамаға қатысуы тиіс. Бұл алаяқтық.
Қазіргі уақытта Қазнетте мазмұны ұқсас екі хабарлама тарап отыр. Олардың бірінде «өмір жәрдемақысы» түрінде 50 000 теңге алуға өтінім беруге үндеу жасалса, екіншісінде – бұл соманың «2022 жылға арналған көмекті қолдау қорынан» берілетіні айтылған. Бұл ретте екі таратылымда да қорғалмаған сауалнама парақшаларына апаратын сілтемелер көрсетілген.
Іс жүзінде Қазақстанда «өмір жәрдемақысы» деп аталатын мемлекеттік төлем де, «2022 жылға арналған көмекті қолдау қоры» да жоқ. Оларды бекіту туралы БАҚ-та да, мемлекеттік органдардың ресми ресурстарында да хабарланбаған.
Хабарламалардың авторлары ұсынған сауалнамалар қорғалмаған сайттарда орналасқан және алаяқтар жасаған басқа сауалнамаларға ұқсайды. Олар туралы біз бұрын жазған болатынбыз.
Сауалнамалар ұсынылған немесе басқа мазмұндағы ұқсас парақшалар фишинг деп аталады. Оларды жасаушылардың мақсаты – пайдаланушылар туралы дербес ақпаратқа қол жеткізу: төлем карталарының деректері, интернет-банкингтердің, ақылы және жеке аккаунттардың логиндері және т.б.. Мұндай сайттарды тану мен алаяқтардың құрбаны болмаудың жолдары туралы толығырақ мына жерден оқуға болады:
Фишингтік сайттарды қалай тануға болады және олар неге қауіпті
Қорыта айтқанда, «өмір жәрдемақысы» төлемдері туралы хабарлама фейк болып табылады.