Назар аударыңыз, алаяқтар! Кибер-қылмыскерлер Halyk Bank атынан сауалнамалар үшін ақша төлейміз деп уәде етеді
Жаңа фишингтік сайтқа апаратын хабарландырулар мессенджерлерде таратылуда. Бұл жолы алаяқтар Halyk Bank атынан әрекет етуде.
Пайдаланушыларға әлеуметтік сауалнамаға қатысып, ақшалай сый алу ұсынылады. Бұл жағдайда сілтеме қауіпсіздігі күмәнді ресурсқа жібереді.
Банк әлеуметтік сауалнамаларға қатысқаны үшін жүлделер берілетіні туралы ақпаратты жоққа шығарды.
– Біз мұндай акцияларды өткізбейміз. Барлық акциялар туралы ақпарат банктің ресми аккаунттарында ғана жарияланады, – деп хабарлады Halyk Bank PR-қызметі.
Бұған дейін StopFake.kz алаяқтар танымал брендтердің атынан фишингтік сайттар ашатнын жазған болатын.
Фишингтік сайттар – бұл алаяқтар жасаған арнайы ресурстар. Олардың мақсаты – пайдаланушылардың құпия мәліметтерін – жеке аккаунттардың логиндері мен парольдерін, банк карталарының деректерін, тіркеу деректерін және т.б. алу.