Fake News

Фейк: «Ғалымды COVID-19 қарсы вакциналардың шынайы құрамын анықтағаны үшін өлтірген»

Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде COVID-19-ға қарсы вакциналардың құрамы туралы «шындықты» ашқан тәуелсіз ғалымның өлтірілгені туралы жазуда. Химик Андреас Ноак Германияда осындай тақырыптағы тағы бір видеосынан кейін қайтыс болды. Оқиғадан кейін оның жұбайы ғалымға шабуыл жасалды деп мәлімдеді. Бұл фейк.


Андреас Ноак – қастандық теорияларын жақтаушы және оны таратушы танымал тұлға. Ол бұған дейін COVID-19 қарсы вакциналарда егілген адамдардың тамырларын ішінен кесетін микроскопиялық жүздер бар деп мәлімдеген. Әрине, бұған ешқандай дәлел жоқ. 
Ол биыл 26 қарашада қайтыс болды, бұл туралы оның жұбайы хабарлады. Сондай-ақ ол Ноакқа шабуыл жасалғанын айтты.
Полиция бұл ақпаратты жоққа шығарып, Ноак табиғи себептермен қайтыс болды деп мәлімдеді.
Heute неміс басылымы, химик дәрігерлер реанимациялық шаралар жүргізіп жатқан кезде жедел жәрдем көлігінде көз жұмған деп хабарлады. Бұл ретте, мақалада дәрігерлік немқұрайлықтың болу ықтималдығы жоқ екендігі атап өтілген.
Ғалымды көзқарастары үшін өлтірді деуге ешқандай дәлелдер жоқ.
Сонымен қатар, Онак таратқан вакциналар туралы теориялар жалған болды. COVID-19 алдын алуға арналған препараттардың құрамына кіретін ингредиенттер құпия емес және баршаға қол жетімді.
Екпелердің толық құрамымен мына жерден танысуға болады:
Pfizer/BioNTech;
Moderna;
Janssen;
Astra-Zeneca;
Sputnik V;
Hayat-Vax (Sinopharm);
QazVac;
CoronaVac;
Vero Cell.

Демек, ғалымды вакциналар жайлы «шындықты» ашқаны үшін өлтірді деген мәлімдемелер фейк болып табылады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button