Fake News

Болат Мажағұлов оның атынан пайда таппақ болған фейк аккаунттар туралы айтты

ҚР АҚДМ этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы өзінің атынан алаяқтардың әрекет етіп жүргенін мәлімдеді. Бүл туралы ол өзінің Facebook-тегі парақшасында жазған.

«Алаяқтардан сақ болыңыз!
Құрметті достар!
Әлеуметтік желілерде мен және Бекболат Тілеухан ағамыз ақша таратады деген жалған ақпарат пайда болды.
Алаяқтар парақшамыздағы фотосуреттерді пайдаланып, барлығына материалдық көмек көрсетілетінін жариялады.
Бұл әрекеттің өтірік екенін ескерткім келеді және Қазақстандықтарды қаскүнемдердің қулықтарына еріп кетпеуге, сонымен қатар жеке мәліметтеріңізді алаяқтарға жібермеуге шақырамын!», – делінген мәлімдемеде.

 

Бұған дейін StopFake белгілі тұлғалардың фотосуреттерін пайдаланып,«ұтыстар өткізетін» жалған аккаунттар туралы жазған болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button