Тарих

Фейк: «Қатерлі ісік пен басқа ауруларды емдеуге болатын өнертабысты адамдардан жасырады»

Қазнетте өнертапқыш Роял Райф туралы ақпарат тарады, ол 1920 жылы тірі вирусты көруге мүмкіндік беретін микроскоп пен адам тіндеріне зиян келтірместен кез келген патогенді жоя алатын, яғни кез келген ауруды емдейтін құрылғы жасап шығарған екен. Бұл жалған.

Роял Раймонд Райф ұзақ жылдар бойы АҚШ-тың Сан-Диего қаласында Бриджес отбасында жүргізуші болып жұмыс істеген. Оның медициналық білімі жоқ және медицинаға қатысты қандай да бір саланың маманы болған емес. Алайда, Райф талантты механик болған және Бриджестер оны бағалаған, олар оған шеберхана ашып, дамытуға қаражат бөлген.

1930 жылдары ол сол заманда затты айтарлықтай ұлғайтқан микроскоп ойлап тапқан. Алайда, онымен вирустарды көру мүмкін болмады. Оны 1939 жылы неміс ғалымы Густав Кауше өз әріптестерімен бірге жасай алды.

Кейіннен Райф сау тіндерге зиян келтірместен адам ағзасындағы кез келген қоздырғышты жоя алатын сәулелендіргіш ойлап тапты. Бұл ретте ешқандай клиникалық сынақтар жүргізілген жоқ, ал құрылғының тиімділігі мен қауіпсіздігі бойынша қорытынды жасайтындай ол көп адамда сыналмаған.

Райфтың өнертабысы танымал болған жоқ және ұмытылып кетті.

Ол туралы 1986 жылы Барри Лайнс пен Джон Крейннің «Қатерлі ісікке қарсы дәрі. Елу жыл бойы басу» атты  кітабы шыққаннан кейін ғана айтыла бастады. Авторлар Райфтың құрылғысы қатерлі ісік ауруын емдеді деп жазды, бірақ оның жаңалығын көпшіліктен жасырып келген.

Лайнс пен Крейннің сөздерінен кйеін Райф құрылғылары көптеп сатыла бастады. Олар пирамидаға ұқсас күрделі схема бойынша өткізілді, ал түскен қаражат сатушылар арасында бөлінді. Бұл аппаратты қолданған адамдар «емделіп жатырмыз» деп ойлап, қатерлі ісіктен қайтыс болған жағдайлар болған. 

Кейбір сатушылар алаяқ деп танылып, бас бостандығынан айырылды. 

Қорыта айтқанда, таралған ақпарат – фейк. Хабарламада аталған құрылғының тиімділігі дәлелденбеген. Ал оның көмегімен емделмек болған адамдар қайтыс болды.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button