Дәлелсіз: «Адамдарға 5G толқындарымен әрекеттесетін магнит таблеткалар тағайындалады»
Әлеуметтік желілерде тараған видеода автор дәрігер тағайындаған таблеткаларды көрсетеді. Кадрларда препараты бар капсуланың магнитке тартылатынын көруге болады, ал суда ерігеннен кейін металл ұнтақтарынан тұнба қалыптасады. Бұл роликке сенбеу керек, неге екенін түсіндірейік.
Видеода пенициллин негізіндегі антибиотик флуклоксациллиннің ашық қаптамасы көрсетіледі. Оны әртүрлі бактериялық аурулардан зардап шегетін адамдарға тағайындайды, мысалы, фурункулоз, сепсис, фарингит, тонзиллит, менингит және т.б..
Препараттың құрамында магниттік қасиеттері бар ештеңе жоқ. Негізгі компоненті 500 мг мөлшеріндегі натрий флуклоксациллині болып табылады. Көмекші заттардың тізіміне магний стеараты, натрий крахмалгликоляты, қызыл темір оксиді, сары темір оксиді, қара темір оксиді, титан оксиді және желатин кіреді.
Демек, мұндай капсулалар магнитке тартыла алмайды.
Видеода көрсетілген блистер ашық болғандықтан, роликтің авторы капсуланы алдын ала ашып, оған магниттік қасиеттері бар металл ұнтақтарын қосқан деп пайымдауға болады. Сол себепті видеода капсула суда ерігеннен кейін түбінде тұнба қалыптасады. Мұндай ұнтақтарды Желіде оңай сатып алуға болады.
Конспирологияны жақтаушылар мұндай фейк видеоларды бұған дейін де түсірген. Мысалы, биыл ақпан айында Желіде шегеге толы капсулалар көрсетілген видео тараған.
What’sApp-та ішінде шегесі бар таблеткалар туралы фейк видео тарады
Демек, тараған видео мүлдем дәлелсіз.