Fake News

Жалған: «Израильде 5G желілеріне тыйым салынды»

Әлеуметтік желілерді пайдаланушылар Израиль тұрғындары 5G желісін орналастыруға жол бермейтіні туралы жазуда. Олар бағаналарды өртеп, технологияның жұмыс істеуіне қажетті жабдықты бүлдіреді екен. Бұл шындыққа жанаспайды.

Израильде 5G-ге тыйым салынды деген қауесет 2019 жылдың шілдесінде пайда болды. Оны Factly-дің ағылшын тіліндегі фактчекингтік басылымы жоққа шығарды. 

Бүгінгі таңда Израильде желілер орнатылған және сәтті жұмыс істеп тұр. Оларға қосылу және тарифтер туралы толық ақпарат жергілікті провайдерлердің ресми сайттарында бар.

Интернетте Израиль тұрғындары үнемі өртеп жіберетін 5G бағаналары туралы ақпарат жоқ. Мұндай жағдай АҚШ-та және Еуропаның кейбір елдерінде болған, бірақ бұл акциялар тұрақты сипатта болмады.

Демек, таралған ақпарат жалған және оған сенбеген жөн. 5G желілері Израильде орнатылған және сәтті жұмыс істейді. Елде олардың жұмысына ешқандай тыйым салынған жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button