Фейк: «COVID-19-ға қарсы вакцинация деңгейі жоғары елдерде өлгендердің басым бөлігін вакцинацияланған адамдар құрайды»
Қазақстандық Telegram-чаттарда фейктер мен манипулятивті мәлімдемелерден тұратын хабарлама тарады. Онда Швецияда COVID-19 көз жұмғандардың 70%-ы толығымен вакцинацияланған адамдар құрайды, Тайвань Үкіметі вирусқа қарағанда, вакцинадан көп адам қайтыс болады деп мәлімдеді, ал Ұлыбританияда мектеп оқушыларын вакцинациялау басталғаннан бері балалар өлімі 52%-ға өсті делінген. Бұлардың әрқайсысына тоқталайық.
1. Швецияда COVID-19 қайтыс болғандардың 70% толық вакцинацияланған адамдар құрайды.
Өткен аптада Желіде осындай тақырыптағы жаңалықтар жариялана бастады. Бір қызығы, мұндай мәлімдемелері бар мақалалар ірі басылымдарда емес, негізінен жалған ақпарат шығаратын ресурстарға орналастырылған. Бұған Svenska Dagbladet ірі швед газетінде жарияланған мақала негіз болды. Онда швед мамандары елдегі вакцинацияның тиімділігінің төмендеу ықтималдығы туралы алаңдаушылық білдіріп отырғаны айтылған, бірақ COVID-19 қайтыс болған вакцинацияланған адамдардың басым бөлігін қарт және ілеспе аурулары бар адамдар екендігі атап өтілген.
Әлемнің жетекші мамандарының айтуынша, бұл табиғи үрдіс және күтілген жайт.
«COVID-19 қауіптілігін жақсы түсіну үшін «қалыпты» қауіпті қолдану» ғылыми еңбегінде COVID-19-дан қайтыс болу қаупі 35 жастан бастап жыл сайын ерлер үшін 9,7%-ға және әйелдер үшін 10,4%-ға артады делінген. Демек, КВИ-ден өлу ықтималдығы әр жеті жыл сайын екі есеге артады. Яғни, 70 жастағы науқас үшін бұл аурудан өлу қаупі осындай диагноз қойылған 35 жастағы адамға қарағанда 32 есе жоғары болады.
Осылайша, егде жастағы вакцинацияланған адамдар арасындағы өлім-жітім көрсеткіштері вакциналардың тиімсіздігін дәлелдемейді.
Бұған дейін Англиядағы жағдай туралы ұқсас фейкті жоққа шығарған болатынбыз.
Манипуляция: «КВИ қарсы екпе салдырғандардың өлімі вакциналардың пайдасыз екендігін дәлелдейді»
2. Тайвань Үкіметі: Sars-CoV-2 вирусына қарағанда COVID-19 қарсы вакцинадан көп адам қайтыс болады.
Тайвань Үкіметі мұндай мәлімдеме жасаған жоқ. Тайвань Ұлттық Синьчжу университетінің сайтында вакциналарды жеткізу, қалай және қай жерде егілуге болатыны туралы ақпарат үнемі жаңартылып отырады. Сонымен қатар, Тайвань бұқаралық ақпарат құралдары COVID-19 қарсы вакциналар өлімге әкеледі деген қауесетті бірнеше рет жоққа шығарды.
3. Ұлыбритания: COVID-19 қарсы вакцинациядан кейін балалардың өлімі бес жылдағы орташа көрсеткіштен 52% жоғары.
Бүгінгі күні мұндай статистиканың болуы екіталай, өйткені елде балаларды вакцинациялау 20 қыркүйекте, яғни бір ай бұрын ғана басталды. Вакцина 12 жастан асқан балалар мен жасөспірімдер ғана салынады.
Елдегі өлім-жітімнің жалпы статистикасы жылына бір рет есептеледі және балалар мен сәбилер өлімін ескереді. Тиісінше, 20 қыркүйектен 20 қазанға дейін 12 жастан асқан балалар арасында өлім-жітім бойынша статистика жоқ.
Ұлыбританияда COVID-19 пандемиясы аясында балалар өлімі төмендеді. Мәселен, 2019-2020 жж. елде 3423 бала қайтыс болса, 2020-2021 жж. бұл көрсеткіш 3,067 құраған. Оның ішінде 70-і COVID-19-дан көз жұмған.
Ұлыбританияда 2021 жылғы балалар өлім-жітімі бойынша статистика әлі жарияланған жоқ.
4. Израильде COVID-19 жұқтыру жағдайларының 84%-ын вакцинацияланған адамдар құрайды.
Ұқсас мәлімдеме алғаш рет TikTok әлеуметтік желісінде шықты. Автор Израильде COVID-19 жұқтырған ауруханаға жатқызылғандар толығымен егілгендер деп мәлімдеп, мұны елдегі науқастардың, екпе салдырғандар мен вакцинацияланбаған адамдардың саны көрсетілген кестені ұсынған. Austin American Statesman басылымы бұл кесте дұрыс түсіндірілмегенін хабарлады. Біріншіден, кестеде 20 жасқа дейінгі адамдар арасында ауру жағдайлары ескерілмеген. Екіншіден, постта вакцина алғанға дейін ауру жұқтырған адамдар туралы статистика көрсетілген. Үшіншіден, пост авторы Израильде вакцинацияланған адамдардың үлесі вакцина алмағандардан едәуір артық екенін ескермейді, сәйкесінше вакцина алған адамдар саны кез келген статистикада басым болады.
5. Нью-Йоркте ауруханаға жатқызылғандардың 90% вакцинацияланған адамдар құрайды.
Шын мәінде, бәрі керісінше. COVID-19 диагнозымен ауруханаға жатқызылған адамдардың көбі бұл ауруға қарсы егілмегендер. Кливленд клиникасының соңғы ақпаратына сәйкес, биыл тамыз айында ауруханаға жатқызылған КВИ жұқтырған барлық пациенттерінің 90% вакцина алмаған.
Ағымдағы жылдың шілде айында NPR подкастында АҚШ-та COVID-19-бен ауруханаға жатқызылғандардың 97% вакцинацияланбаған адамдар құрайтыны хабарланды.
6. АҚШ-та егілген адамдар саны көп Вермонт штатында COVID-19 сырқаттанушылықтың жаппай өсуі байқалуда.
Бұл олай емес. Соңғы мәліметтерге сәйкес, Вермонт КВИ сырқаттанушылық бойынша АҚШ штаттары арасында 17-ші орында. Ауру жұқтырғандар саны өспей, бірнеше апта бойы бірдей деңгейде қалуда. Бұл ретте індет жұқтыру, ауруханаға жатқызу және өлім жағдайларының басым бөлігін вакцинацияланбаған адамдар құрайды. 1 шілдеден 20 қазанға дейін штатта COVID-19 диагнозы 999 егілген және 4596 екпе салдырмаған адамдарда расталды.
Демек, постта келтірілген мәлімдемелердің ешқайсысы шынайы емес. Олардың барлығы сенімсіз дереккөздерден алынған, сондай-ақ дұрыс түсіндірілмеген немесе ойдан шығарылған статистикаға негізделген.